Мақтаарал ауданында жергілікті бюджет 107,5%-ға артық орындалды

Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Жасузаков 2021 жылдың І жарты жылдығында атқарған қызметі туралы БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.


С.Жасұзақов баяндамасында Мақтаарал ауданында жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет 107,5%-ға артық орындалғанын хабарлады. Атап айтқанда, жоспар 1 миллиард 551 миллион теңге болса, нақты орындалғаны 1 миллиард 667 миллион теңгеден асып түскен екен.

Камералдық бақылау бойынша ауданда жалпы салық төлеушілерге 1 миллиард 41 миллион теңге болатын 441 хабарлама жолданған. Әкімшіліктендіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті бюджет бойынша жарты жылдықта 102 миллион теңге анықталып, қосымша кіріс өндірілген. Сонымен қатар, республикалық бюджет бойынша 101 миллион теңге анықталып өндірілген.

Мақтаарал ауданында 14321 көлік тіркелген. Оның ішінде ҚР салық кодексіне сәйкес жеңілдік алатындардың саны – 3789 көлікті құрады. Берешегі бар көлік құралдарының иелеріне БСАЖ бағдарламасы арқылы 7134 хабарлама таратылып, 4071-і берешектерін төлеген. Сондай-ақ, 2117-не салық бұйрығы шығарылғаннан соң 884-і орындалып, 825-і сот орындаушыларға жолданыпты.

«1-шілдеге дейін көлік құралдары салығы бойынша 6542 салық төлеушінің берешек соммасы 104 миллион теңгені құраған болатын. Кірістер басқармасы, жол патрульдік полиция, жеке сот орындаушылары палатасы және кент, ауыл әкімдіктері мамандарының бірлескен рейдтік іс-шара жұмыстарының нәтижесінде 3546 көлік құралдары иесінен 49 миллион теңге өндірілді. Бұл бағыт бойынша шаралар әлі де жалғасуда» — деді Серік Маханбетұлы.

Брифинг барысында басқарма басшысы мүлік және жер салығының барысы туралы хабарлап, есепте тұрған салық төлеушілер туралы да кеңінен баяндады. Сонымен қатар, салық төлеушілерге арналған түсіндірме жұмыстарының барысы туралы да айтып өтті.

Айта кетейік, баспасөз конференциясында журналистер тарапынан баяндамашыға бірнеше сұрақтар қойылып, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы тілшілер қауымының көкейінде жүрген сұрақтарына кеңінен жауаптар берді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.