М.Әйтенов жіп иіру фабрикасы жұмысымен танысты

М.Әйтенов «Alliance»  жіп иіру фабрикасы жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы қайта іске қосылған «Alliance» жіп иіру фабрикасында болды. Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна иірімжіп өндіруге қауқарлы.

 Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында қала басшысы Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

 Өткен жылы 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірімжіп экспортталған.

 Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, Ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және, ең алдымен, халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару үшін кәсіпкерлерге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.