Түркістан: Сарыағаш ауданында тамшылатып суару әдісін ендіруді 600 гектарға ұлғайту жоспарлануда

Былтыр Сарыағаш ауданына 21,9 млрд теңгенің инвестициясы тартылған болатын.


Биыл ауданға 24,7 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 2020 жылы 175 млрд теңгені құраса, 2021 жылы оның көлемін 204,6 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда 116,9%-ға арттыру көзделуде.

Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Аталған салада өткен жылы өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 92,2 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, былтыр қарқынды жеміс бауы — 100 гектарға, жүзім бауы — 110 гектарға артқан. Бұдан өзге, 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы мен 9 бірлік жанұялық сүт аулалары құрылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу инновациялық жобасы 921,8 га аумаққа ендірілген. Ағымдағы жылы егілетін егістік көлемін 69,7 мың гектарға, жылыжай шаруашылығын 30 гектарға және тамшылатып суару әдісін ендіру 600 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2021 жылы 105,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.