Түркістан: Төлебилік шаруа жүзімнен 40 тоннаға жуық өнім алады

Төлеби ауданы жүзім егуге қолайлы аймақ.


Жүзім шаруашылығын жүргізуді қолға алған Тасарық ауылының тұрғыны Сабыржан Танабаев бүгінде кәсібін өркендетіп отыр. Аумағы 18,6 га жүзім бауында тұрақты 16 адам, жиын-терім, егіндік маусымында 100 ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Жүзім бауында бүгінде жемістің 4 түрі өсіріледі. Оларды күтіп-баптау, дәрілеу, зиянкестерден қорғау үшін профилактикалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

«Жүзім өсіру үшін бұл салаға толыққанды кірісу қажет. Себебі, оны күтіп-баптау ісі екінің қолынан келе бермейді. Жүзім ағашы өте нәзік болғандықтан, оған көп күтім керек. Ескіріп, жарамсыз күйге түскен көшеттерді қайта алмастырып отырамын. Көшеттерді көршілес Өзбекстаннан тапсырыспен алдырамын»,- дейді кәсіпкер.

Шілде, тамыз айларында пісіп жетілген жүзімдерді арнайы сауда орындарына, базарларға шығарып, көтерме бағамен өткізеді. Жеміске сұраныс та көп. Жүзімнен маусымында 30-40 тонна өнім алады. Жүзімдерді ұзақ мерзімге сақтап, оны экспортқа шығаруды жоспарлап отырған қожалық бұл мақсатта алып тоңазытқыш алуды жоспарлап отыр. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.