Түркістан облысында өткен 5 айда барлық негізгі салаларда оң өсім орын алды

Түркістан облысына биыл 800 млрд. теңге инвестиция тартылады.


Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 238,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 млрд.-қа жуық теңгеге артты. Жыл басынан бері 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2 есе артты. Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатының «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өтті. Спикердің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде 110 млрд.- тан астам теңгеге өнім өндірілді.

«Облысқа 175,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға артты. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл соңына дейін жалпы құны 255,5 млрд. теңгеге 3 243 жаңа жұмыс орнымен 80-нен астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан облысының өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында облыс көлемінде 2018 — 2020 жылдары жалпы құны 39,1 млрд. теңгеге, 37 жоба іске асырылды. Биыл 81,4 млрд. теңгеге, 945 жаңа жұмыс орнымен 5 жобаны іске асыру жоспарлануда»,-дей келе, облыс әкімі әр бағыт бойынша атқарылып жатқан істерге жекелей тоқталды.

Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд.теңгені құрайтын және 4 мыңнан астам жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда. Биыл 1 865,3 млн.теңгеге, 683 жұмыс орнымен 6 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 480 млрд.теңге құрайтын жалпы 50-ге жуық жобасы іске қосылды. Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемін биыл 565 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.