Шымкенттік салық төлеушілердің қарызы 19,7 млрд.теңгені құрады

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сапарбек Ешанқұловтың мәліметінше, бұл ағымдағы жылдың 1 қазанға дейінгі көрсеткіш.


Осыған қарамастан берешекті өндіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 2,4 млрд.тг. «нақтылай ақшамен» өндіріліп, 3,2 млрд.тг. бересі сомасы бар 28 борышкер банкрот деп танылған.16 борышкерге салықты төлеу мерзімін кейінге қалдыру рәсімі қолданылды.

Ал,  42 борышкерге соттың шешімімен мемлекеттік тіркеуі және қайта тіркеуі жарамсыз деп танылды. Әлеуметтік төлемдер бойынша, медициналық сақтандыру бойынша берешектің де үлес салмағы бар. Кедендік төлемдер бойынша борышкерлердің саны 146-ға жетті.  Берешек сомасының төмендеуінің себебі, «Archery и Со» ЖШС – 52 млн.тг. сот шешімімен банкрот деп танылды.  Сондай-ақ, заңды тұлғалардан»«Феб Group» (Феб Групп)» ЖШС — 57,8 млн.тг, «СПИК Аккорд» — 3,7 млн.тг., «Каспий нефть комплекс» ЖШС — 7,8 млн.тг., «АкЖол-2008 ЛТД» ЖШС — 1 млн.тг.,жеке кәсіпкер Хамдамова Г.В. – 70 млн.тг. , берешек сомасы 38 млн.тг. құрайтын салық төлеуші тұрғылықты тіркелген мекен жайын өзгертуіне байланысты борышкердің бет есебі тіркелген ауданына ауыстырылды және жеке тұлғалардан 73,3 млн.тг. нақтылай ақша есебінен өндірілді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.