Шымкент: Алтынтөбе тұрғын алабында бау шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы «Керемет — сапа» ЖШС-нің интенсивті алма бағы және картоп егістігі шаруашылығын аралап көрді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жеке шаруашылық 14 га жерге бау және 10 га жерге картоп егеді. Өткен жылы 30 тонна алма және 400 тонна картоп жинап, қаладағы сауда нүктелеріне таратқан.

Қалада тұтыну стандарттарына сәйкес, картоп өнімдеріне қажеттілік –102,5 мың тонна. Өндірілетіні – 4,9 мың тонна немесе қажеттілік 4,8 % ғана қамтамасыз етілуде.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер картоп егістігі көлемін арттыруды, картоп өніміне деген қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Сондай-ақ, қала әкімі «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы «Алан и Компания» ЖШС-нің көкеністер мен жемістер өңдейтін кәсіпорын құрылысын аралап көрді.

Бүгінде тұрғын алапта қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. «Алан и Компания» ЖШС алма (39,5 га), шабдалы (2 га), алмұрт (2 га), жүзім (1,5 га) шаруашылығы бойынша жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Инвестиция көлемі – 400,0 млн. теңге. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.