Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 4962 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әрекет етеді

Әл-Фараби ауданында 5 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан орналасқан.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. яғни, Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 4962 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әрекет етеді.

Олармен өткен жылы жергілікті бюджетке 4,7 млрд. теңгеге салықтық түсім түскен. Бұл жөнінде бүгін аталған ауданның кәсіпкерлерімен кездескен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев айтты.

Өткен жылы Әл-Фараби ауданындағы 71 кәсіпкерлік нысанға 4,6 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған. Нәтижесінде 508 адам жұмыспен қамтылған. Ал, 2021 жылдағы жоспар бойынша ауданға 17 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып, оның шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Thanks for a marvelous posting! I genuinely enjoyed reading
    it, you’re a great author. I will remember to bookmark your
    blog and will come back at some point. I want to encourage you continue your great writing, have a nice holiday weekend!
    I saw similar here: Sklep internetowy

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.