Еліміздің үшінші мегаполисінің өндіріс саласында кишмиш, өрік, алма, алмұрт жемістерін экологиялық таза әдіспен кептіру технологиясын енгізу және тарату инновациялық жобасы жүзеге асырылуда.
Инновациялық жобаның басты мақсаты – халықты химиялық консерванттар мен реагенттер қоспай дайындалған, адам ағзасына пайдалы жеміс-жидектермен қамтамасыз ету.
Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарланған. Өзара бәсекелестік ортада өндірілген өнімнің сапасы жоғары болады. Осылайша «Made in Kazakhstan» маркасы бар, экологиялық таза, сапалы, брендтік өнімдерді экспорттау өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыратындығы сөзсіз.
Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал ететін болады.
Айта кету керек, Қазақстанда кишмиш, өрік, алма, алмұрт жемістерін кептіру арқылы дайындау технологиясы болмаған. Дайын өнімдер Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінен жеткізілетін.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Si te preguntas cómo saber si tu esposo te engaña en WhatsApp, quizás pueda ayudarte. Cuando le preguntas a tu pareja si puede revisar su teléfono, la respuesta habitual es no. https://www.xtmove.com/es/how-to-catch-my-husband-cheating-and-find-signs-of-cheating-on-whatsapp/