Бизнес идеяларға арналған грант қаражаты қандай мақсатта беріледі

Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын қандай мақсаттарға жұмсау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Кәсіпкерлер жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланылады: тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, кешенді кәсіпкерлік лицензия, франшиза сатып алуға, зерттеу жұмыстары мен жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар», — деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік сатып алуға, жалақыға, үлестік компанияларға салуға және бұрын қолданыста болған қарыздарды жабуға жұмсауға болмайды. Сонымен қатар ол мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін бизнес жоспар тапсыру қажет еместігін айтты.

«Биылғы ережеге сәйкес бизнес жоспар өткізу қажет емес. Жалпы, «Қолдау» ақпараттық порталына бизнес жоспардағы мәліметтерді енгізесіздер», — деді Қуаныш Сапаров.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.