Шымкентте биыл 51 мың тонна көгөніс жинау жоспарлануда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының I-тоқсанда атқарған жұмыстары жөніндегі есебін қабылдады.


Басқарма басшысы А.Джанбатыровтың сөзінше, биыл қалада 29,8 мың га жерге егіс егу жоспарланып, бүгінде оның 4,8 мың гектарына егін егілген.

2022 жылы жалпы егіс алқаптарынан 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Жиналатын өнімдердің 14,5 мың тоннасы дәнді дақылдар, 2,8 мың тонна майлы дақылдар, 51 мың тонна көкөніс және бақша өнімдері, 3,6 мың тонна картоп, 18,2 мың тонна мал азықтық дақылдары.

Шаруалардың егін егуіне қолайлы жағдай жасау үшін осы жылы 434,0 мың дана және 29,2 тонна тұқым құнын арзандатуға 20,4 млн теңге қаржы бөлінген. 7 200 тонна минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 122,1 млн теңге қаралып отыр.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жанармайды таратушы операторлар анықталған. Шаруалардың өтінімі негізінде жеңілдетілген бағада 1 литрі 189 теңгеден 259 тонна жанар жағармай босатылған.

Егін өнімділігін арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштар мен тұқым шаруашылығын дамыту және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға қаржы бөлініп отыр.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Suivre le téléphone portable — Application de suivi cachée qui enregistre l’emplacement, les SMS, l’audio des appels, WhatsApp, Facebook, photo, caméra, activité Internet. Idéal pour le contrôle parental et la surveillance des employés. Suivre le Téléphone Gratuitement — Logiciel de Surveillance en Ligne. https://www.xtmove.com/fr/

  2. Melhor aplicativo de controle parental para proteger seus filhos — Monitorar secretamente secreto GPS, SMS, chamadas, WhatsApp, Facebook, localização. Você pode monitorar remotamente as atividades do telefone móvel após o download e instalar o apk no telefone de destino.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.