Түркістан облысы: Отырар ауданы әкімі бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауыл округтердегі маңызы бар бірқатар кәсіпкерлік нысандарға барып, жұмысын саралады.

Бүгінде Түркістан өңірінде балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналуда. Облыс көлемінде өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. Іссапар барысы алдымен көксарайлық кәсіпкер Әбужахил Есмұрзаевтың шабақ балық өсіру орнымен танысудан басталды. Көксарайлық кәсіпкер көлде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауданда өсірілген балықтарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары.

Бүгінде Әбужахил Есмұрзаевтың иелігіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығы 1992 жылы құрылған. Кәсіпкер қазіргі таңда Көксарай ауыл аумағында ораналасқан «Көксарай көлінде» 2016 жылдан бастап шабақ балық өсіру кәсібімен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 10 адам жұмыс атқарады.

Аудан әкімі Сәкен Сұтанхановпен кездескен жеке кәсіпкердің мәліметінше, алдағы уақытта арнайы балық өсіретін зауытты іске қоспақ. Жалпы, осы жоба іске асқан жағдайда, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, балықтарға арналған азық (гидопоника) өсіруге арналған цех ашып, кәсібін одан әрі дамытатындығын жеткізді.

Кәсіпкер енді ендегі жерде «Көксарай көлінің» аумағына жасыл желек егіп, су бұрғақ орнатуды және демалыс аймағының құрылысын жүргізіп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Кәсіпкерлік нысан иелермен кездескен аудан әкімі жұмыстарына сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Айта өтейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №208 қаулысымен бекітілген «Балық шаруашылығын дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған бағдарламасы» бар. Бағдарламаның міндеттері:

1. Балық өсіру (акваөсіру) өнімі мен оны қайта өңдеу көлемін өсіру.

2. Балық азығының отандық өндірісін дамыту.

3. Саланы ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету.

4. Балық өсіруді (акваөсіруді) дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.

Бағдарлама мына индикаторларға қол жеткізуді мақсат етіп отыр:

  1. Балық өсіру көлемін 2030 жылға дейін жылына 6,9-дан 270 мың тоннаға дейін ұлғайту.
  2. Балық өнімдерін ішкі тұтынуды 2030 жылға дейін жылына 67-ден 134 мың тоннаға дейін ұлғайту.
  3. Балық өнімдерінің экспортын жылына 430 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға 2030 жылға дейін жылына 30-дан 181 мың тоннаға дейін ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері де анықталған: Республикалық бюджет: 10 жылда 56,4 млрд теңге. Жергілікті бюджет: 10 жылда 144,3 млрд теңге. Бюджеттен тыс қаражат: шамамен 340,5 млрд теңге инвестициялар. Барлығы — 10 жылда шамамен 541,3 млрд теңге.

Ал күтілетін нәтиже — балық өсіру (акваөсіру) шығаратын өнім көлемін 2030 жылға дейін 270 мың тоннаға дейін жеткізу.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.