Түркістан облысы: Келес ауданындағы шаруалар асқабақтың ерекше түрін саудаға шығарды

Түркістан облысына қарасты Келес ауданының шаруалары егін егу саласында жаңа технологияларды енгізумен қатар өнімнің жаңа түрлерін алуды жолға қоюда. Солардың бірі – Зупарәлі Пардақұлов. Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу ауылының тұрғыны өзі төрағалық ететін «Қуаныш» шаруа қожалағы аумағындағы 8 гектар суармалы егістік алғабының 0,5 гектарына асхана асқабағы (кабачки) өнімін егіп, еліміздегі ірі қалалардағы сауда орындарына шығарып, сатып жатыр.

– Қаңтар айында өнімімізді егіп, бүгінде базарға шығарудамыз. Өнімге сұраныс жоғары. Бұрындары ауылымызда бұл өнімнің түрін екпеуші едік. Жеріміздің құнарлы болуының арқасында жаңа дақыл жерсініп, мол түсім беруде, – дейді шаруа қожалығының төрағасы.

Шаруа жыл сайын өзіне қарасты жерге қырыққабат, шалғам, картоп сынды көкөністерді егеді.

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Бозсу елді мекеніндегінің диқандары ерте еккен егістіктің жемісін көріп жатыр.

Айта кетейік, жалпы Ақтөбе ауылдық округі бойынша суармалы жер көлемі 4 689 гектарды құраса, оның ішінде 1 725 гектарға көкөніс егілген.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.