Түркістан облысы: Бүгін… Бәйдібек ауданында ветеринария саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланды һәм аудан басшысы Түркістан қаласында брифинг берді

Бұдан бұрын өңірде «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауыл округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы» Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылған болатын. Құрылған жұмысшы топ төрағасының орынбасары болып Түркістан облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғани Құрманбай бекітілген еді. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғани Құрманбай берілген тапсырмаларды орындау мақсатында бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбековпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелерді талқылады. Атап айтқанда:
1) Бәйдібек ауданындағы мал басын сәйкестендіру;
2) Ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы;
3) Қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу туралы;
4) Аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы туралы;
5) Ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы талқыланды.
Осы орайда Бәйдібек ауданы бойынша ірі қара — 69387, қой-ешкі — 680426, жылқы — 23763, түйе 489 басқа жеткенін айта кеткен жөн. Жұртшылықтың шаруашылық малдарына қызмет көрсеттетін ветеринариялық-санитариялық объектілер: мал дәрігерлік пунктері – , мал тоғыту орындары – 29, қашырым пунктері – 36 және биотермиялық шұңқырлар саны – 38.

Бәйдібек ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 миллиард теңгеге жетті

Сонымен қатар дәл осы күні Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Түркістан қаласында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы хақында Түркістан қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді. Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 73,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында елдімекендердегі ішкі көшелердің 6,8 шақырым жолы жөнделді. Сонымен қатар, биыл аталған бағдарламамен 3 елдімекендегі ішкі көшелердің 19,6 шақырымы (18 көше) жөндеуден өтеді. Бұл жөнінде кеңірек брифингте Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде аудан аумағындағы 17 елдімекен табиғи газбен қамтылған.
«2021-2023 жылдары аралығында 15 елдімекенді табиғи газбен қамту жоспарланған. Олар: Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Шақпақ, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Жиенқұм, Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Теректі елдімекендері. Сондай-ақ, аудандағы 51 елдімекеннің 43-і (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Үш елдімекенде (Шаян, Сарқырама, Шақпақ) ауызсу жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сегіз елдімекеннің (Ағыбет, Шалдар, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Тайманов, Түйетас, Жамбыл, Мыңбұлақ) ауызсу жүйесін қайта құру жұмыстарына аудан бюджетінен қажетті қаражат қарастырылды», — деді аудан басшысы.
2022 жылы ауданда 55,8 миллиард теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 миллиард теңгеге өскен. Сондай-ақ, былтыр ауданға 21,6 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Ал аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 миллиард теңгеге жетті.
Өткен жылдың қорытындысымен ауданда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 18 806 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, «Ұлттық жоба» аясында былтыр 1 992 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылса, биыл 3 айда 1067 азамат жұмысқа орналасқан. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға — 100 тұрақты жұмыс» тапсырмасына сәйкес, жылдық жоспар 301 адамды қамту болса, 366 адам жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға былтыр 80 азаматқа 98 миллион теңге мемлекеттік грант берілген.
Ержігіт Шәріпбековтің баяндауынша, өткен жылы ауданда жалпы құны 565,3 миллион теңге болатын 5 жоба іске асырылған. Оның үшеуі жаңбырлатып және тамшылатып суару тәсіліне қатысты болса, екеуі қымыз өндіру цехын дамытуға бағытталған. Ал, ауданда егістік жерді игеру көлемі нақты 103 536 гектарды құрайды. Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын іске асыру бойынша жоспар толығымен орындалған. «Досан» мектебінің жаңа ғимараты, «Жолғабас» мектебінің жапсарлас қосымша оқу ғимараты және М.Әуезов ІТ мектеп-лицейінің жанынан қосымша спорт зал пайдалануға берілді.
Аудан аумағында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер көлемі 556 171 гектарды құрайды. Бәйдібек ауданының барлық жер көлемі 721853 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер — 112345 гектар, суармалы егістік — 11767 гектар, көп жылдық өсімдіктер — 392 гектар, шабындық жерлер — 27339 гектар, жайылымдар — 387286 гектар.
Жер санаттары бойынша тоқталсақ, елді мекендердің жерлері — 73847 гектар; өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1052 гектар; ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 61211 гектар; орман қорының жерлері — 27125 гектар; су қорының жерлері — 1165 гектар. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Бәйдібек ауданында 11 ауылдық округ, 52 ауылдық елді мекен орналасқан.
2022 жылы ортақ жайылым жерлерді кеңейту мақсатында жер иелерімен өзара келісім жасалып, 176 меморандум түзілген.
Баспасөз жиынында аудан әкімі жоспарланған құрылыс нысандары мен ауылдарға «көгілдір отын» тарту мәселесіне де тоқталып өтті.
17 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғанын атап өткен аудан әкімі 2021-2023 жылдар аралығында 15 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуге бюджеттен 3 миллиард 838,1 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер мекемелер тарапынан құрылыс- монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын алға тартты.
Баспасөз жиынында аудандағы 51 елді мекеннің 43-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілгендігі баяндалды. Атап айтар болсақ, Ақжар ауылында 106 716 мың теңгеге жаңа ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, Жаңаталап пен Жұлдыз елді мекендерінде жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тарапынан жер асты су қорына зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілген. Қалған Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра елді мекендері шалғайда орналасқандықтан және халық санының аз болуына байланысты ол елді мекендерге Түркістан облысының 2022-2026 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, жер асты суын тазартатын модульдік қондырғылар орнату жұмыстары көзделген. Сонымен қатар, Шаян, Сарқырама, Шақпақ ауылдарында ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Жиында жол саласы да назардан тыс қалмады. Аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елді мекендердегі ішкі көшелердің ұзындығы 937,3 шақырымды құрайды. Аудан басшысы өткен жылдың өзінде республикалық бюджеттен 1 миллиард 875 миллион теңгеге 73,1 шақырым болатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Аудан басшысы 2023 жылы іске асатын жобаларға да тоқталды. 2023 жылы іске қосылатын жалпы жобалар саны – 11. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары – 3 жоба. Жалпы жобалар құны – 3 млрд. 743 млн.тг. Жаңадан ашылатын жұмыс орны саны – 100.
Өнеркәсіп өнім көлемі 2022 жылы 1 млрд. 387,3 млн. теңгеге немесе 100,7% пайызға (жылдық жоспар 1 301,8 млн. теңге), ал 2023 жылы 3 айда 157,6 млн. (101,3%) теңгені құрады(жылдық жоспар 1 млрд. 549,7 млн. теңге).
2022 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 011 бірлікті құрап, оның ішінде жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 932-ге жетті (2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 112,4 % құрады).2023 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 535 бірлікті болса, оның ішінде жұмыс жасайтыны 5465-ке жетті (2022 жылғы тиісіті кезеңмен салыстырғанда 115,4 % құрады).
2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңге (жылдық тапсырма 31,1 млрд. теңге) болып,нақты көлем индексі 112,7%-ға орындалды.
2022 жылы 21,6 млрд. (142,4%) теңге (жылдық жоспар 21,3 млрд. теңге), 3 айда 2 млрд 167,4 млн.(2022 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанды 174,4%) теңгеге инвестиция тартылды (жылдық жоспар 25,1 млрд. теңге, І тоқсан жоспары 2 млрд. 438 млн. теңге немесе 88,9%).
2022 жылы ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2022 жылы 47,1 млрд. теңге) 8,7 млрд. теңгеге, 2023 жылдың 3 айында ауданда 6 млрд. 447,6 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2022 жылы 5 млрд.762,6 млн. теңге) 685,0 млн. теңгеге артып отыр (ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, өнеркәсіп).
2022 жыл қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігі нақты 16 млрд. 582,2 млн. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 52 млн. 578,8 мың теңгеге (100,3%), 2023 жылдың 3 айында нақты 1,9 млрд. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 117,2 млн. теңгеге (106,5%) артығымен орындалды. Жергілікті бюджет түсімдері 2022 жыл қорытындысымен нақты 1 млрд. 246,7 млн. теңгеге (102,2%), осы жылы 3 айда 0,5 млрд. теңгені (124,8 %) құрап, артығымен орындалды.
2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 млрд. 389,6 млн. теңге (жылдық тапсырма 39 195,1 млн. теңге)болып, нақты көлем индексі 101,8%-ға орындалды. 2022 жылы жалпы құны 565,3 млн. теңгеге 5 жоба іске асырылды (3 жаңбырлатып, тамшылатып суғару, 2 қымыз өндіру цехы).
Өткен жылы ауданда егістік жерді игеру жоспары 100 500 гектар болса, нақты 103 536 гектар (103%) игерілді. Ағымдағы жылы егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға толық игерілді(100%). 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру бойынша жоспар толығымен орындалды.
2022 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 69 техника алынып, тапсырма 100% (жылдық жоспар 69 бірлік) толық орындалды.
2023 жылы жылдық жоспар 75 бірлік. Қазіргі таңда 35 техника алынып, тапсырма 40% орындалды. Мал басын көбейту бойынша өсім бар. Тиісінше мал өнімдерін өндіру бойынша тапсырмалар да артығымен орындалды.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде ауданнан жалпы саны 4 ауылдық округ тіркелді (Негізгі қатысушылар – Ақбастау, Алғабас, қосымша қатысушылар – Борлысай, Көктерек). Аталған несиені алуға 136 жеке тұлға ниет білдірсе, 20 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынылуда.
Аудан аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер көлемі 556 171 гектар. Жоспарға сәйкес, ауданда 2022 жылы ортақ жайылым жерлерді кеңейту мақсатында жайылым жер иелерімен өзара келісімге тұру арқылы меморандум түзу көрсеткіші 76,1 мың гектар тапсырмасы беріліп, нақты 95 408,57 гектар жайылым жер иелерімен 176 меморандум түзіліп (аудандағы жайылым жерлердің 24,5 пайызы) жоспар 125 пайызға артығымен орындалды. Мемлекет меншігіне қайтару жоспары 59,3 мың гектарды құраса, 61 мың гектарға 102%-ға тапсырма толығымен орындалды.
Ағымдағы жылы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың жылдық жоспары – 20 мың гектар, оның ішінде 3 айға бекітілген жоспар 2 мың гектар болса, тапсырма толық орындалды. Одан бөлек, аудан бойынша 2009-2017 жылдары аралығында конкурссыз берілген 12 жер пайдаланушыға тиесілі 2925,4 гектар жер телімдері облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне ұсынылып, департамент тарапынан сотқа жолданды. Қазіргі таңда сот процесі жүргізілуде.
Аудандағы 50 білім беру (1 жекеменшік бастауыш мектебі) мекемесінің 45-і типтік үлгіде, 4-і ыңғайластырылған (Алтынсарин, Күлтөбе, Төменгі Боралдай, С.Сейфулин) жайда орналасқан. 2022 жылы«Досан» мектебінің жаңа ғимараты, «Жолғабас» мектебінің жапсарлас қосымша оқу ғимараты және М.Әуезов ІТ мектеп-лицейінің жанынан қосымша спорт зал құрылысы пайдалануға берілді.
Аудандағы 50 білім беру мекемесінде 2419 педагог 12 641 оқушыға білім беруде.12 мектептің ғимараттары ескіруіне байланысты күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге (37 млн.926 мың теңге)адами әлеуетті дамыту басқармасына өтінімі ұсынылған. Ағымдағы жылы 6 мектепке (Ш.Уәлиханов, Л.Өтешов, Қ.Сәтпаев, Домалақ ана, Ақтас, Қайнар)тиісті қаржысы (21 млн. 546 мың теңге)қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен ЖСҚ-н әзірлеу жұмыстары атқарылуда.
«Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 45 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде алты жасқа дейінгі 2710 (1-3 жас – 201, 3-6 жас – 2509 бала) бала қамтылып, қамту көрсеткіші 100 пайыз (15 мемлекеттік балабақшада 1300 бала, 23 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 640 бала, сондай-ақ, 7 жекеменшік балабақшада — 770 бала).
“Қамқорлық” бағдарламасы аясында 2022 жылы 20 отбасы нақтыланып, оларды сүйемелдеп өмірлік қиын жағдайдан шығару мақсатында әлеуметтік қолдау көрсететін топтың құрамы бекітіліп, мемлекет тарапынан және демеушілер есебінен 15 млн. 587 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, 2 отбасыға (Шаян ауылының тұрғыны Г.Егенова, Боралдай ауылының тұрғыны А.Борықбаева) тұрғын үй берілді. Одан бөлек, 2022 жылы ауданда қосымша демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 13 отбасыға баспана берілді.
2023 жылы 14 отбасы нақтыланып, оларға азық-түлік және басқада тұрмыстық қажеттіліктерін 10-15 пайыз төмен бағада ұсыну үшін 20 жеке кәсіпкермен меморандум түзілді. Ағымдағы жылы демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 4 отбасыға баспана берілді.
2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек 344 отбасыға 2119 адамға 95 млн. 164 мыңтеңге тағайындалған (Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмегі 312 отбасы (1929 адамға) 78274,1 мың тенге, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 32 отбасы (190 адамға) 16890,3 мың теңге). 2023 жылы І тоқсанында 284 отбасыға 1783 адамға 43 млн. 622 мың теңге тағайындалды (Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмегі 262 отбасы (1687 адамға) 39613,0 мың тенге, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 22 отбасы (96 адамға) 4009,0 мың теңге). Ағымдағы жылдың ІІ тоқсаны бойынша (01 мамырға дейін) 129 отбасы 811 адамға 18 млн. 965 мың теңге тағайындалды.
«Ұлттық жоба» аясында 2022 жылы 1992 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылса, ағымдағы жылы 3 айда 1067 азамат жұмысқа орналасып отыр. 2022 жыл қорытындысымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс тапсырмасына сәйкес жылдық жоспар 301 адамды (16-62 жас аралығындағы халық саны 30 111) қамту болса, 366 адам (121,6%) жұмыспен қамтылды. 2023 жылы жылдық жоспар 652 адамды қамту болса, 3 айда 122 адам (18,7%) жұмыспен қамтылды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға былтырғы жылы 80 азаматқа (98 млн. 16 мың теңге) мемлекеттік гранттар берілсе, ағымдағы жылы 80 азаматқа грант тағайындау жоспарланып, 3 айда 20 азаматқа (27 млн. 600 мың теңге) мемлекеттік гранттар берілді.
Денсаулық сақтау саласында 49 медициналық мекеме бар, оның ішінде 44-і типтік, 5-і ыңғайластырылған жайда орналасқан. Сонымен қатар, орталық ауруханаға қарасты Шақпақ дәрігерлік амбулаториясына (2972,1м2) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Жоба құны – 578 млн. 845 мың теңге, 2024 жылға өтпелі)
2022 жылдың 12 айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 18806 шаршы метрге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға, 2023 жылдың 3 айында 3542 шаршы метрге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,4 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарының нақты индекс көлемі былтырғы жыл қорытындысымен 14 млрд. 623,7 млн. теңге(102,1%), 2023 жылдың 3 айында 772 млн. 5 мың теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (100,7%) орындалды. Өткен жылы 2 нысанның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен 636,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда құрылыс саласы бойынша 10 нысанның құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін қаржыландыруға ұсынылған. Одан бөлек, Шаян ауылынан 170 гектар (1160 учаске) жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Аталған инфрақұрылым құрылыстары аяқталғанда кезектегі жалпы 1495 азамат үй іргелік жермен қамтамасыз етіледі. Шаян ауылынан 100 000 кітап қорына арналған орталық кітапхананың (315 млн. 859 мың теңге, тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда), Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің (156 млн. 915 мың теңге, маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда) және Бәйдібек ата елді мекенінен дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің(336 млн. 447 мың теңге) құрылыстары жүргізілуде.
Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша аудан аумағында орналасқан 17 елді мекен табиғи газбен қамтылған. 2021-2023 жылдары аралығында 15 елді мекенде табиғи газбен қамтамасыз етуге жоғары тұрған бюджеттен бөлінген 3 млрд. 838.1 млн. теңге қаржыларға тиісті мердігер мекемелер тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
7 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға 2 млрд. 200,8 млн. тенгеге бюджеттік өтінімдері ұсынылған. 8 елді мекенге (Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау сметалық құжаттамалары жергілікті бюджет есебінен әзірленуде. 4 елді мекен (Қызылжар, Нұра, Үсіктас, Байжансай) халық санының аз болуына байланыстытабиғи газ құбырын тарту жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады.
Аудандағы 51 елді мекеннің 43 елді мекені (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 елді мекенде (Ақжар 106 716 мың теңге), жаңа ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2 елді мекенде (Жаңаталап, Жұлдыз), жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан жер асты су қорына зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілген.
5 елді мекен (Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра) шалғайда және халық саны аз экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан Түркістан облысының 2022-2026 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, жер асты суын тазартатын модульдік қондырғылар орнату жұмыстары көзделіп отыр. Сонымен қатар, 3 елді мекенде (Шаян, Сарқырама, Шақпақ) ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. 2 нысан (Шаян, Сарқырама) ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарлануда. Ал Шақпақ елді мекені 2024 жылға өтпелі.
Ақбастау елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге әзірленген ЖСҚ-ның құны 580,4 млн. теңге болып, 2023 жылға облыстық бюджетке қаржыландыруға өтінімі ұсынылды. Боралдай елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге әзірленген ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар 8 елді мекеннің (Ағыбет, Шалдар, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Тайманов, Түйетас, Жамбыл, Мыңбұлақ) ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржылары аудан бюджетінен қарастырылды.
Аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елді мекендердің ішкі көше автомобиль жолдарының ұзындығы 937,3 шақырымды құрайды. 2022 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 875 млн. теңге қаржыға ұзындығы 73,1 шақырым болатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Таңатар елді мекенінің кіре беріс 3 шақырым (254 млн. 700 мың теңге) автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында: жалпы құны 220 млн. 453,6 мың теңге қаржыға ұзындығы 6,8 шақырым елді мекен ішкі көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында: 3 елді мекеннің 19,6 шақырым ішкі көше (18 көше) жолдарына жалпы 530 млн. 257 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ, 2022 жылы аудандық бюджет есебінен 101,2 млн. теңгеге Шаян елді мекеніндегі 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді (оның ішінде: Мыңбұлақ көшесіне (6 044,0 мың теңге), Жылқышиев көшесіне (12 157,0 мың теңге), Мүсірепов көшесіне (16 868,0 мың теңге), Жанаева көшесіне (4 938,0 мың теңге), Күлтөбе көшесіне (10 186,0 мың теңге).
Ағымдағы жылы облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген 823,8 млн. теңге қаржыға 19,4 шақырым елді мекеннің ішкі көшелеріне (15 көше) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Одан бөлек, облыстық бюджеттен 216,8 млн. теңге қаржыға аудандық маңызы бар 9,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы аудандық бюджеттен 21 елді мекендегі (33 көше) 19,7 шақырым топырақ жолдарға халықтың сұранысымен тас төселді.
Сонымен қатар, өткен жылы 28,6 млн. теңге қаржыға Бәйдібек ата (19 104,0 мың теңге) және Шақпақ (9500,0 мың теңге) елді мекендеріндегі көпірлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
2022 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 126 млн. 142 мың теңге қаржыға аудан аумағында орналасқан 6 елді мекендегі 10 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Одан бөлек, демеуші есебінен Шаян елді мекеніндегі (Рысқұлов көшесіндегі) көп қабатты 1 тұрғын үйдің шатыры мен сыртына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жеке кәсіпкердің демеушілігімен Ордабасы ауданы Ақтөбе елді мекеніндегі талшықты оптикалық желіден радиомост арқылы Мыңбұлақ ауылдық округі Мәдениет елді мекендегі 77 үйге(оның ішінде: мектеп пен балабақшаға және медициналық тірекке) 15 млн. қаржыға байланыс антеналары орнатылып, арнайы модемдермен Wi-Fi тарату құрылғылары арқылы интернет берілді.
2023 жылға аудандық бюджет есебінен 75 млн. 730 мың теңге қаржыға Шаян елді мекеніндегі көп қабатты 3 тұрғын үйдің (М.Әуезов көшесіндегі) қас-келбетін жөндеу жұмыстары және 97 млн. 769 мың теңге қаржыға аудан аумағында орналасқан 7 елді мекендегі 8 нысанды абаттандыру жұмыстары жоспарлануда. 2 елді мекенге (Бірлік, Ақбастау) Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығының демеушілігімен балалар ойын алаңшаларын салу келісілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 233 млн. 94 мың теңге қаржыға Бәйдібек-ата елді мекеніндегі орталық саябақтың құрылысы жүргізілуде.
2022 жылы демеушілер есебінен аудан көлемінде 27 164 ағаш көшеттері егілді (164 дана можевельник, 15 мың дана қара тал (Қарашаұлы – 6500 дана книжный туя, Шөкеев – 1500 дана айлант, Шатқал – 4000 дана айлант)
2023 жылы ауылдардың кіре беріс көшелеріне 21900 дана сәнді ағаштар мен гүлді ағаштар көктем мезгілінде отырғызылды. көшет толығымен орындалды.
Аудандық электр жүйесі теңгерімінде 1 074,4 шақырым әуе желілері (599,230шқ-10кВ, 475,171шқ-0,4кВ),22455 дана бағана және 321 дана (қуаты 36 302 кВа) қосалқы трансформаторлар 9028 абонентке (48 936 халық) қызмет көрсетуде.
2022 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 36,28 шақырым әуе желілері(ВЛ-0,4кВ және 10 кВ), 771 дана темірбетон бағаналары және 3 дана қосалқы трансформатор подстанциялары ауыстырылып, бірқатар жұмыстар атқарылды (2022 жылы Шаян, Бірлік, Ақбастау, Боралдай, Қаратас, Жиенқұм, Түйетас, Шыбыт, Бәйдібек ата, Таңатар).
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орын алған дауыл салдарынан құлаған 760 дана (10кВ, 0,4кВ) бағана мен әуе желілері толықтай қалпына келтірілді.
Бәйдібек ата ауылында 35/6кВ подстанцияға жер бөлініп, ағымдағы жылы подстанция салу жоспарлануда. 2023 жылы«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 3 елді мекенде (Шаян, Ақтас, Мыңбұлақ) 13,5 шақырым әуе желілері мен 249 бағана және 4 КТП(Шаян-2 КТП, Мыңбұлақ-2КТП трансформатор) ауыстыру жоспарланған.
Өздігінен электр желілерін тартып, бағаналарын орнатып алған аудан аумағындағы 28 елді мекендегі 53 көше бойларында орналасқан 1445 тұрғын үйлерді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған (жалпы құны — 1 млрд. 185,6 млн. теңге).
Сәйкесінше, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу қолға алынған.
– Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына 4 ауылдық округ тіркелді. Биыл ауданда 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы бойынша – 2, туризм саласы бойынша 3 жоба бар. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 2022 жылы 20 отбасы нақтыланып, оларды өмірлік қиын жағдайдан шығару мақсатында мемлекет тарапынан және демеушілер есебінен 15 миллион 587 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, 2 отбасыға баспана берілді. Одан бөлек, 2022 жылы ауданда қосымша демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 13 отбасыға баспана берілсе, 2023 жылы 14 отбасыға азық-түлік және басқа да тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету үшін 20 кәсіпкермен меморандум түзілді, – деп қорытындылады аудан әкімі баспасөз жиынын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.