ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы экономикалық индустриалды аймақтардағы кәсіпорындарды аралады. Қазір аймақтар инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылуда. «Оңтүстік»арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн. метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады.

Қазіргі уақытта бұл жобаға ЖСҚ әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды.

Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар.

Мұнда инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, «Юг Ойл Про» битум зауыты, автоклавты газбетон өндірісі, ПВХ ішкі және кәріз жүйелерін, үйлерге арналған жаңбыр суағарларын өндіру, шыны әйнек шығаратын зауыт, темірбетон өндіру ісі қолға алынған.

Жоспар бойынша аталған кәсіпорындар жыл соңына дейін қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, толық іске қосылуына мүмкіндік беріледі.  

Естеріңізге сала кетейік, былтыр орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент әкімі қазіргі таңда бес өндірістік аймақта 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны мен 337 кәсіпорын ашылғанын, қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайызды құрап, қажеттілікке қарай тағы 5 индустриалды аймақ ашу жұмыстары қолға алынғанын айтты. Нәтижесінде 400 миллиард теңгеге 284 кәсіпорын өз жұмысын бастап, 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

15 Comments

  1. You are so awesome! I don’t suppose I’ve truly read through a single thing like that before.

    So wonderful to find another person with a few unique thoughts on this issue.

    Seriously.. thank you for starting this up. This site is one
    thing that’s needed on the web, someone with some originality!

  2. Thanks a lot for sharing this with all of us you actually recognize
    what you’re talking approximately! Bookmarked. Please also seek advice from my website =).
    We could have a hyperlink trade agreement among us

  3. Thank you for the good writeup. It in truth was once a amusement account it.
    Glance advanced to more added agreeable from you!
    By the way, how could we keep in touch?

  4. Howdy terrific website! Does running a blog like this take a massive amount work?

    I’ve virtually no expertise in programming however I was hoping
    to start my own blog soon. Anyways, should you have
    any ideas or tips for new blog owners please share.
    I know this is off subject however I simply needed to ask.
    Kudos!

  5. Excellent post. I was checking constantly this blog and I’m impressed!
    Very helpful information particularly the last part 🙂 I care
    for such information a lot. I was looking for
    this certain info for a long time. Thank you and good luck.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.