ШЫМКЕНТ: «БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ БИЫЛ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қазіргі таңда «Бозарық» индустриалды аймағында инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бас мердігер мекеме аймақтың ауыз су және кәріз жүйелерін тартуда. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысын қадағалап, жауаптыларға кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында арнайы тапсырмалар жүктеді.

Бүгінде ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар көлемі 85%-дан асса, электр және табиғи газ желілері бойынша орындалған жұмыстар 68% -ды құрады. Жоба бойынша аймаққа 10,9 шақырым табиғи газ желісін тарту көзделген. Қазір ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын салу жұмыстарының тең жартысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде. Индустриалды аймақты сапалы инфрқұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Айта кетейік, қаладағы индустриалды аймақтарды сапалы инфрақұрылыммен қамту шаөар басшысының назарында тұр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы экономикалық индустриалды аймақтардағы кәсіпорындарды аралап көрді. Қазір аймақтар инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылуда. «Оңтүстік»арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн. метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады.

Қазіргі уақытта бұл жобаға ЖСҚ әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды.

Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар.

Мұнда инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, «Юг Ойл Про» битум зауыты, автоклавты газбетон өндірісі, ПВХ ішкі және кәріз жүйелерін, үйлерге арналған жаңбыр суағарларын өндіру, шыны әйнек шығаратын зауыт, темірбетон өндіру ісі қолға алынған.

Жоспар бойынша аталған кәсіпорындар жыл соңына дейін қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, толық іске қосылуына мүмкіндік беріледі.

Ad Widget

Recommended For You