Жетісай ауданында өндірілген бақша дақылдарын еліміздің өзге де облыстары мен ірі қалаларында делдалсыз сатуына мүмкіндіктер қарастыру мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай облысындағы әріптестерімен келіссөздер жүргізуінің нәтижесінде ортақ келісімдер жасалды.
Ал, Абай облысымен жүргізілген келіссөздер әлі де нақтылану үстінде.
Жасалған келісімдер бойынша енді жетісайлық диқандар бақша өнімдерін Алматы қаласындағы «Түркісіб жәрмеңке базарында», Шымкент қаласындағы «Барыс» базарында, Астана қаласындағы «Шарын ОПТ» базарында белгіленген тегін сауда орындарында еш кедергісіз сата алады.
Ол үшін бақша, көкөніс дақылдарын өсіруші шаруалар жергілікті ауылдық округінің әкімшілігінен анықтама алып, өздерімен бірге алып барулары қажет.
«Анықтама алу үшін шаруа ауылдық округ әкімі аппаратына мына құжаттарды алып барулары қажет:
- Шаруа қожалығының тіркеу туралы куәлігі (патент);
- Шаруа қожылығы басшысының жеке куәлігі;
- Өнімді алып баратын шаруа қожалығы өкілінің жеке куәлігі;
- Астана, Алматы, Шымкент қалаларына өнімді аппаратын көлік құралының тіркеу туралы куәлігі (техпаспорт).
Толық мәлімет алу үшін Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұртас Тұрсынбековке +7 707 503 61 36 және бөлімнің бас маманы Ерқуат Тұрғұмбаевқа +7 702 768 20 92 байланыс нөмеріне хабарласуларына болады» — дейді Жетісай ауданы әкімдігінің жауаптылары.
Аудан тарапынан бұған дейін Алматы облысының «Алтын орда» базарында Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өз өнімдерін делдалсыз қала тұрғындарына сатуға арналған арнайы орын белгілеу ісі бойынша оң нәтижеге қол жеткізілген болатын.
Одан бөлек, «ҚР Сауда Желілері Одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен де тиісті келісімдер жүргізіліп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.