Түркістан облысы: Оңтүстік Корея Республикасынан келген инвесторлар Сарыағаш ауданында тыңайтқыш өндіретін зауыт салмақ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Оңтүстік Корея Республикасынан келген инвесторлармен іскерлік кездесу өткізді. Кездесу барысында инвесторлар тыңайтқыш өндіретін зауыттың дайын жобасымен таныстырып, аудан тарапынан қолдау күтетіндіктерін жеткізді.

Аталған жобамен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев инвесторларға талап қойды:

— Сарыағаш ауданы аграрлы аудан болғандықтан, тыңайтқыш өндіретін зауыттың өзімізде болғаны дұрыс. Алайда тыңайтқыш:

1) бағасы аудан шаруалары үшін қолжетімді болу керек;

2) химиялық артық қоспасы жоқ органикалық сапалы;

3) кепіл болуы басты шарт, — деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Айта кетсек, Оңтүстік Корея Республикасы инвесторларының Өзбекстан Республикасында 26 жылдық тәжірибесі бар тыңайтқыш өндіретін зауыты жұмыс істеп тұр. Аталған тыңайтқыш Тараз және Павлодар қалаларында сыналған.

Ауданға инвесторлар тартып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.

Сонымен қатар бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 17 тұрғынның өтініштері қаралды.

Қабылдауға келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша сондай-ақ, жайылым жер, табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, тұрғын үйлерді құжаттандыру, ағын су, тұрақты жұмыспен қамту, көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You