Бүгін Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Иассы және Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Кездесуді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев ашып, күн тәртібіндегі мәселені жиналған көпшілікке таныстырды. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Аталған ауылдық округтерде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Иассы ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындарының басты талабы ауыз су мәселесін алға тартты. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі электр жарығының нашарлығын, жаңа трансформатор орнатуын, электр бағаналарының тозығы жеткенін, Еңбекші Дихан елді мекеніне Түркістан қаласынан қоғамдық көліктің қамтамасыз етуін, жол, ағын судың тапшылығын, тегін медициналық берілетін дәрі-дәрмектің берілмеуін, елді мекендегі амбулаторияға тіс дәрігерін орналастыруын, ветеринарция қызметі өз деңгейінде жұмыс атқармайтынын, елді мекеннің кіре берісіне бейнебақылау камерасын орнатуды жеткізді.
Сонымен, Иассы ауыл округінің орталығы – Иассы ауылы.
Елді мекендері – Иассы, Шойтөбе, Еңбекші-Дихан. Халық саны — 2850 адам.
Округтің жалпы жер көлемі — 65896 гектар. Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жерлері — 20373 гектар;
суармалы жер — 2574 гектар;
шабындық жер — 211 гектар; жайылымдық жер — 17588 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Шойтөбе | 735 | 972 | 4747 | 35053 |
2 | Еңбекші Дихан | — | 2074 | 1899 | 2571 |
Барлығы: | 735 | 3046 | 6646 | 37624 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:
№ | Елді мекен | Ветеринариялық станциялар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермия- лық
шұңқырлар |
1 | Иассы | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Шойтөбе | — | 1 | — | 1 |
3 | Еңбекші Диқан | — | — | 1 | — |
Барлығы: | 1 | 2 | 2 | 2 |
Сауран ауданының орталығынан он бес шақырымда орналасқан Иассы ауылдық округі киелі шаһардың облыс мәртебесін алғалы бері серпінді даму үстінде. Небәрі бес ақ шақырымда орналасқан Еңбекші дихан мен Шойтөбе тұрғындары өздерін облыс орталығының тұрғынындай сезінеді. Себебі, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің біраз қызметкерлері қаладан қатынап жұмыс істейді. Ауыл іші тап- таза. Мектеп, балабақшалардың айналасы гүлмен көмкерілген. Барлық жерде тап-тұйнақтай тазалық сезіледі. Бір шеті Оранғаймен, бір шеті Түркістанмен шектесіп жатыр. Округке қарасты екі елді мекен бар. Еңбекші Дихан және Шойтөбе елді мекендері, мұндағы халық саны – 3076. Оның 2713-і (ерлері — 1417, әйелдері – 1296) Еңбекші Диханда, 363-і (ерлері -153, әйелдері – 210) Шойтөбеде тұрады. Ұлттық құрамына келсек, қазақтардың саны – 1690, орыстар — 3, өзбектер — 1383. Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны — 1951 адам.
Иассы ауылдық округіне қарасты әлеуметтік қызмет нысандары: жалпы орта мектеп — 1, бастауыш мектеп — 1, дәрігерлік амбулатория — 1, ФАП — 1, дәріхана — 1, дәрігерлік бекет — 1, балабақша — 2, АТС бөлімшесі — 1, жылжымалы пошта қызметі — 1, сауда нүктелері — 7, ашық кіші футбол алаңы — 1, заңды тұлғалар — 3, жергілікті қоғамдық кеңес — 1, мешіт — 2, намазхана — 1 және 237 шаруа қожалығы мен 1 жиһаз цехы халыққа қызмет көрсетуде.
Мемлекет басқаруындағы ауыл әкімдігі 12,5 штатпен жасақталған, оның ішінде 6-ы -мемлекеттік қызметкер де, қалғаны азаматтық және келісімшарт бойынша еңбек етеді.
Иассы ауылдық округіндегі тұрғындардың дені — жер емген диқандар. «Әттең тонның келтесі-ай» дегендей, жер тар. Кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жерлерді қайтару қиындықпен жүзеге асуда. Жайылымдық жер күннен-күнге тарылып барады. Иассы ауылдық округіндегі жалпы жер көлемі — 65896 гектар. Оның 30373 гектары — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Арнаулы жер қоры 4257 гектар болса, елді мекен жері 2505 гектарды құрайды. Ерекше қорғалатын жерлер — 24046 гектар, су қорының жері — 62 гектар, орман қорының жері — 378 гектар. Оның сыртында жарамсыз жерлер 14161 гектарға жетіп отыр. Негізінен жергілікті тұрғындар егіншілікпен және малды бордақылауымен айналысады. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына тартылған инвестициялардың нақты көлемі жылдан жылға өсе түсуде. Себебі Иассы ауылдық округі облыстық деңгейдегі жолдың бойына орналасқан. Кентау қаласы да Түркістан қаласы да жап-жақын. Олардың базарына жету көп қиындық әкелмейді.
Мұнда ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мәселесі біршама жолға қойылған. Мәселен, «Идирисов» шаруа қожалығының төрағасы Хасан Идирисов 132 млн. теңгенің инвестициясын құйса, «Тәжібай ата» шаруа қожалығының төрағасы Бахрам Тәжібаев 196,288 мың теңгені қарқынды баудың көшеттерін алуға, тамшылатып суарудың құрал жабдықтарына және бағаналардың құжаттарына жұмсады.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі жоспар бойынша 10 млн. теңге деп белгіленсе. ол меже жүз пайызға орындалды. Оны орындаған – «Көктонды ата» ауыл шаруашылығы өндірістік коперативінің төрағасы Әбсадық Мырзакаримов.
Ауыл шаруашылығы саласында ауыл округі бойынша егістік жерді игеру жоспары 1120 гектар болса, орындалғаны – 1353 гектарды құрады. Қазіргі таңда 487 гектар жоңышқалық жайқалып тұр. Күзді және жаздық бидай алқабы 195 гектарды құрайды. Көкөніске 116,6 гектар, бау-бақшаға 117,6 гектар бөлінген. Сонымен бірге сүрлемдік жүгеріге — 30,4 гектар, дәндік жүгеріге — 96,8 гектар, мақтаға – 283,8 гектар, мақсарыға – 13,8 гектар, картопқа екі гектар жер қарастырылған. Диқандардың ала жаздайғы еңбектері есесімен қайтуда. Мұнда жалпы бидайдың өнімділігі әр гектардан 30 центенрден айналуда. Жоңышқаны үш мәрте орып алып жатқандар бар. Яңни, әр гектардан 68,4 центнерден айналуда. Сүрлемдік жүгерінің әр гектарынан 240 центнерден түсуде. Оның сыртында бау-бақша, жүзім, жеміс-жидек көздің жауын алады. Жерді ұқсата пайдаланып, өнімін қалдықсыз шығаратын диқандар байлыққа кенелуде.
Иассы ауылдық округі бойынша дайындалған мал азығына келер болсақ, жалпы жиналған мал азығы 25903 тоннаны құрады. Соның ішінде, жоңышқа — 3403 тонна, сүрлемдік жүгері –729 тонна, сабан – 195,1 тонна, табиғи шөп 11350 тонна, сырттан сатып алынғаны 10150 тоннаны құрады. Қалаға жақын орналасқандықтан мұнда түйе өсіріп, қымыранды үзбей қалаға сатып отырғандар бар. Мәселен, «Тұмар» шаруа қожалығы 22 бас түйе сатып алды. Шаруа қожалығының иесі Бейбіт Өтепов дөңгелекті жүк артатын техника сатып алса, Халил Ысқақов шөп оратын «КПИ» техникасын сатып алды. Жайылымдық жердің тарлығына қарамастан, малды қорада бордақылап жатқандар қатары көбейіп келеді. Қазіргі таңда ірі қара малдың басы 5606 басқа жетті. Ұсақ малдың басы 49620 бас, жылқы саны 2594, түйе саны 684, құс 2645-ке жетті. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, ет «тірі салмақта» тонна жоспары 1775, орындалғаны — 1725 бас, 97%. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, сүт «тонна» жоспары — 3625 бас, орындалғаны — 3585 бас, 98%. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, жұмыртқа «мың дана» жоспар – 203 пайыз, орындалғаны — 204%.
Үй шаруашылығында өзінің қора жайында мал бордақылаушылар саны артып келеді. Мәселен, Камилжан Абдихаликов 8 бас ірі қара, Абдикарим Байжанов 5 бас ірі қара, Марғуба Халметова -20 жылқы бағып отыр. Музаффар Хамидов 30 бас жылқыны үй жағдайында бағып отыр. Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізген шаруалар «Маруф» шаруа қожалығының иесі Маруф Азимов– 200 бас бұқашық, «Нарбет» шаруа қожалығының иесі Нұржан Жүсіпбаев 202 бас бұқашық өсіріп отыр. Ангус етті бағыттағы бұқашықтар тез семіретіндігімен мәлім. Тауарлы балық өсіруші Жансая Борисова 50 тонна балық өнімін өндірді.
Иассы ауылдық округі бойынша 4 жүйе құраушы кәсіпорын «Түркістан» СПК, «Нұр-Сармат» ЖШС, «Алимхан-ата» шаруа қожалығы, «Маруф» шаруа қожалығы жемісті жұмыс істеуде.
Құрама жем өндіру кәсіпорынының басшысы «Сулейман ата» шаруа қожалығының иесі Маматжан Азимовтың құрама жем шығаратын ғимаратының құрылысы бітіп, құрама жем шығаратын құрал жабдықтарын әкелу үшін Ресеймен келісімшартқа отырды.
Жері шұрайлы, суы мол болса, диқан қауымының құдайының бергені. Алайда, соңғы жылдары ауа райының күрт ысып кетуіне және су көздерінің азая түсуіне байланысты диқандар қауымы аздан да, көптен де үнемдеп, жаңа технологияға көше бастады. Шаруасын дөңгелетіп әкеткендер жылына бірнеше қайтара өнім алып жатыр. Қазіргі таңда Иасы ауылдық округінде 20 гектар жылыжай бар. Оның ішінде сәйкестендірілген жылыжай салғандар Маматжан Зайниддинов – 0,04 гектарға, Бахадир Тажиметов Бахадир 0,03 гектарға жылыжай салды. Тамшылатып суғару әдісін қолға алған шаруа қожалықтары 23 гектарды иемденіп отыр. «Тәжібай ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тәжібаев – 13гектар, «Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов – 10 гектарға тамшылатын суғару технологиясын пайдаланып отыр. Жылыжайға егілген дақылдардан бірінші айналымда 1гектардан 23 тонна тәтті бұрыш, 1гектардан 37 тонна қияр алды.
Акрам Исмаилов 0,15 гектардан бес тонна қияр алса, Бахадир Тажиметов 0,20 гектардан 6 тонна қияр өндірді. Қазіргі таңда 48 тонна қияр және 32 тонна тәтті бұрыш өнімдерін халыққа ұсынды. Мұнда Айгүл Қанжігіт екінші айналымда бір гектарға лимон ексе, екі гектарға қияр екті.
Ауылдық округте бір жерден 2-3 рет өнім алу бойынша 25 жоба іске асырылды. Қарқынды бау жеміс-жидек алқабы 23 гектарға жеткізілді. «Тәжібай-ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тажибаев 13 гектар жерге қарқынды бау екті.
«Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов 10 гектарға қарқынды бау екті. Иассылық диқандар жылына екі үш рет өнім алудың хас шеберлеріне айналып келеді.
Бұдан соң кезекті кездесу Оранғай ауылдық округіндегі мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған электр жарығының сапасыздығы, трансформатор орнату керектігін, электр бағаналары ауыстыруды қажет ететінін, ауыз судың тапшылығын атап өтті. Бұдан бөлек, диқаншылықпен айналысатын шаруалардың басты мәселесі ағын судың жетіліксіздігі, ауылдағы көпірдің жарамсыз болып қалғанын, жедел жәрдемнің кешігіп, уақытында келмеуін, сондықтан ауылдық округ орталығына бір жедел жәрдем көлігін қамтамасыз етуін сұранды.
Кездесу барысында көшелерге асфальт төсеу, жаяу жүргінші жолдарын салу, медициналық қызметтің нашарлығын айтса, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Абитддин Пахриддинов қария ауылдағы балабақша мекемесінің жабылып қалғанын, соны қайта ашылу бағытында жедел шешім қабылдап жұмыс жүргізілмесе, тұрғындар тарапынан наразылық өршіп кетуі мүмкін екенін жеткізді.
Оранғай ауыл округінің орталығы — Оранғай.
Елді мекендері — Оранғай, Бостандық, Қосқорған. Халық саны — 8022 адам.
Округтің жалпы жер көлемі — 47579 гектар. Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 16742 гектар;
суармалы жер — 3052 гектар;
шабындық жер — 284 гектар; жайылымдық жер — 13406 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Оранғай | 11 | 286 | 1774 | 29199 |
2 | Қосқорған | 190 | 1628 | 9330 | |
3 | Бостандық | 48 | 122 | 794 | 3654 |
Барлығы: | 59 | 598 | 4196 | 42183 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:
№ | Елді мекен | Ветеринариялық станциялар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермия- лық
шұңқырлар |
1 | Оранғай | 1 | 1 | — | — |
2 | Қосқорған | 1 | — | — | — |
3 | Бостандық | — | — | 1 | — |
Барлығы: | 2 | 1 | 1 | — |
Ауыл үлкен жолдың бойында орналасқандықтан оны таза, санитарлық жағдайын қалыпты ұстап отыру – өмір талабы. Оранғай ауылдық округі бойынша елді мекендерді абаттандыруға 1450,0 мың теңге бөлініп, 598,0 мың теңгеге, ауыл ішін әктеу- сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1200,0 мың теңге болып жоспар бекітіліп, нәтижесінде 499,9 мың теңгеге мердігер ұтып, жұмыстарын атқаруда. Ауыл округ көше жарық шамдарының электр қуаты үшін жоспар 11 501,0 мың теңге болып бекітіліп, 6 563,0 мың теңге төленді. Елді мекендерді көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша, Оранғай ауылдық округі, Түркістан көшесіне, Оранғай ауылы Бейбітшілік көшесіне, КТП электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы үшін және Оранғай ауылы, Тастақ көшесіне жарық шамдар бағаналарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталына баға сұрату бойынша жарияланып, мердігерлер анықталды. Алдағы уақытта жұмыстарды атқару жоспарланып отыр. Бостандық елді мекені, Мешіт көшесіне асфальт төсеу орташа жөндеу жұмыстарына 2023 жылдың маусым айында жұмысты жандандыру жоспарланып отыр. Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстары үшін 200,0 теңге бөлініп, 111,1 мың теңгеге мәдени іс-шара жұмыстарына сыйлықтар алынды. Спорттық іс-шараларды өткізу үшін 300,0 мың теңге бөлініп, 138,8 мың теңгеге спорттық іс-шара өткізілді.
Биылғы жылы Оранғай ауылындағы Тастақ көшеcіне бір трансформатор орнатылды. Бостандық елді мекені Құсшы ата көшесіне Кентау электр желілері тарапынан бір дана трансформатор орнатылып, бағаналар ауыстырылды.
Биылғы екінші тоқсанда Оранғай елді мекенінің Түркістан және Бейбітшілік көшелеріне екі дана трансформатор орнатуға жобалық сметалық құжаты жасалып, қаражаты бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігерлер анықталуда.
Оранғай ауылдық округі Бостандық елді мекені Мешіт көшесін асфальттау құрылыс жұмыстары 2023 жылғы маусым-тамыз айларына жоспарланған болатын. Оранғай елді мекенінің ішкі көшелеріне Қосқорған, Оранғай елді мекендердегі жеті көшесіне демеушілер есебінен 48 ауыр жүк көлігімен 1200 текше метр тас төселді.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар Абсамат Маткәрімұлы мен Абдурашит Жүсіпов те арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.