Түркістан облысы: Ордабасы ауданында кәсіпкерлердің құқығының қорғалуы басты назарда тұр

Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлердің құқықтарының қорғалуы мен «Полицияның сервистік моделі» жобасының тиімділігін түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган басшылары аудандағы шағын және орта кәсіп иелерімен кездесті.

Ордабасы ауданының прокуроры Абзал Қыдырбайдың айтуынша, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен инвесторлардың алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап келеді. Дей тұрғанмен, өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге қасақана жасалынатын кедергілер де аз еместігі, осы тұрғыда жиынға қатысушылар өздеріне бекітілген міндеттерін сөзсіз орындауға, бизнестегі ахуал үнемі бақылауда болатынын, кез келген азамат немесе кәсіпкер өз проблемалары бойынша байланыса алатын мобильдік топтың сенім телефонын (2-12-69) жариялады. Кәсіпкерлер мен инвесторлардың назарын мобильдік топтың қызметіне аудара отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілер болған жағдайда аудандық прокуратураның сенім телефондарына хабарласулары болатынын атап өтті.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев кәсіпкерлерді «Полицияның сервистік моделі» жобасының 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырып, азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлерге «Ішімдіксіз ауыл» жобасына атсалысып, ішімдік сатудан бас тарту еліміздегі отбасы тұрмыстық саладағы келеңсіз оқиғалардың және қылмыстың алдын алатынын түсіндірді. Жалпы, сервистік модель жобасының кәсіпкерлерге тиімділігі өз кәсібін дөңгелетуде құқықтық сауаттылығын дамыту мен заң талаптарын сақтай отырып қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден бір жолы болмақ.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл аудан экономикасының өсіп-өркендеуі мен тұрғындарды жұмыспен қамтуда шағын және орта кәсіпкерлерінің үлесі мол екенін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin