Түркістан облысы ҚХА жанындағы ақпараттық-насихаттық топ өкілдері Бәйдібек және Созақ аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың ауыл-аймақта орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ Үкімет тарапынан қолға алынған әлеуметтік жобалардың халықтың игілігі жолында іске асыру жайы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуге Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің бас маманы Жомарт Бердіхан, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ерболат Медетбеков және полция департаментінің өкілдері, жауапты сала қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәрбіне сәйкес, жиында бірқатар азаматтар маңызды мәселелер төңірегінде баяндама жасап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
– Бүгінгі таңда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ақпараттық-насихат тобы құрылып, ауыл-аймақты аралап жүр. Бұл — өте дұрыс бастама. Қазақстанның дамуы мен экономикалық өсім қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен достық, өзара сенім мен құрметтен бастау алады. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Осы орайда бүгін өздеріңізбен бас қосып отырмыз, — деді Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов.
Кездесу барысында жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Бұдан бөлек Ордабасы аудандық Жастар ресурстық орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбымен өткен XXXII сессиясы хаттамасының тапсырмаларын орындау мақсатында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың Ордабасы және Арыс ауданы тұрғындарымен кездесу болып өтті.
Жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Әбдіқұлов Созақбай Исаұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Асқаров Ерлан Ержігітұлы, Ордабасы аудан әкімінің орынбасары Ақмұратов Мейрамбек Жамәділұлы, Ордабасы ауданы прокурорының орынбасары Мұсаев Ерлан Болатбекұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Тасболатов Бақдаулет Төреұлы, Ордабасы ауданы және Арыс қаласының Ассамблея жанындағы «Ақсақалдар кеңесінің» төрағалары, этно-мәдени бірлестік төрағалары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудан және қала тұрғындары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов ашып, қонақтарды таныстырды.
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақпараттық-насихаттық топ өкілдері жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауында мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл тұрмысын жақсартуға үлкен қолдау бар екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, бордақылауға мемлекет тарапынан жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие, ауылдардағы орта және шағын кәсіпкерлер өз кәсібін ашуға, қайтарымсыз гранттар, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыспен қамту, Жастар практикасы, «Күміс жас» жобасы, аудан көлеміндегі алаяқтық туралы, қылмыс бойынша тіркеуде тұрған жасөспірімдер, қолайсыз отбасылар, отан алдындағы борышын өтеген жастарға мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер бойынша баяндалды.
Кездесу барысында жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Жиын соңында Ордабасы аудандық «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Е.Сатенов және аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы З.Әбіш жиынды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.