Түркістан облысы: Келестік кәсіпкер күніне үш мың бөдене жұмыртқасын саудаға шығарып, табыс тауып жүр

Келес ауданының Біртілек ауылдық округі аумағындағы “Asyl qus” бөдене құс шаруашылығы үш мыңнан аса бөдене құсын өсіріп келеді. Аталған кәсіпорын 2022 жылы толық іске қосылған. Жоба құны 16 миллион теңгені құрайды. Шаруа қожалығының иесі бүгінде жұмыртқамен қатар бөдене етін де экспортқа шығара бастаған.

— Бұл жобамыз отбасылық бизнеске айналды. Бұған дейін бірнеше кәсіптің түрін жүргізіп көрдік. Дегенмен осы бизнесіміз арқылы табысқа кенеліп отырмыз. Бөденені бастапқыда сатып алсақ, бүгінде өзіміз өндіріп, көбейтіп жатырмыз. Күніне 3 мыңға жуық бөдене жұмыртқасын еліміздің ірі қалалары мен облыс аумағындағы аудан, қалаларға жіберіп отырмыз. Бұдан бөлек бөдене етін де сатуға шығардық. Сұраныс жоғары. Үйренем деушілерге арнайы курстар ұйымдастырып, кәсіптің қыр сырымен таныстырудамыз, — дейді “Asyl qus” бөдене құс шаруашылығының директоры Диана Есенова.

Бүгінде кәсіпкер бір гектар аумақта орналасқан қожалықта 9 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ондағы жұмыскерлер мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті тұрғындар арасынан алынған. Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта қожалықты кеңейтіп, өнімін шет мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отыр екен.

Жалпы, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестицияларды тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен үстіміздегі жылдың шілде айында Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы және Түркістан облысының оңтүстік аудандарының бірнеше басшылары Қытай мемлекетіне іссапарға барды. Ондағы мақсат — экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылды. Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 31,6 пайызға өсіп, олармен өндірілген өнім көлемі 32,6 млрд. теңгені құрады.

Өз кезегінде Келес ауданы бюджетінің өзіндік кірістері де артып келеді. Айталық, соңғы 3 жылда бюджеттің өзіндік кірістері 1,5 есе немесе 1,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Ағымдағы жарты жылдықтың қорытындысымен бюджеттің өзіндік кірістері 1,6 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға немесе 0,5 млрд.теңгеге ұлғайған. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізуде.

Кәсіпкерліктің дамуы есебінен жұмыссыздар үлесі де едәуір азайып келеді. Мысалы, Келес ауданында Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында аудандық мәдениет үйінде азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші 70 бос жұмыс орындарын ұсынды. Бүгінгі таңда аталған жұмыс орындарына аудан көлемінде жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған 945 адамдар мен басқа да жұмыс іздеушілер қатарынан азаматтар жолданатын болады.

Азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудандық Мансап орталығының директоры Нурипа Темірбаева қатысып, жұмыс іздеушілерге ізгі тілектерін білдірді.

— Келес ауданының жалпы жұмыссыз азаматтарына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп жатыр. Өткен жылы Келес ауданы әкімдігінің бекіткен қаулыларына сәйкес 8 айдың қорытындысымен квотамен 7 мүгедек, 9 пробация есебіндегі азаматтар мен 1 тұл жетім жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылы бекітілген жоспарға сәйкес мансап орталығының ұйымдастыруымен 4-ші рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілуде. Жәрмеңкеде ұсынылған бос жұмыс орындары мен субсидияланған жұмыс орындарына жалпы жұмыссыз азаматтар жолданып жұмыспен қамтылады. Осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріңізге лайықты жұмысты қарап, жұмысқа орналасып кетулеріңізге тілектеспін, — деді Алмас Сексенбаев.

Жәрмеңке барысында 50 азамат тұрақты жұмыстарға жолданды. Ұсынылған бос орындарға жолданған жұмыссыздар арасынан 1 пробация есебінде тұратын азамат «Абай» Келес аудандық ауруханасына тұрақты жұмысқа жолданып, жұмыспен қамтылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысына сәйкес «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінді жоспарға сәйкес Келес ауданынан 5810 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланған. Жыл көлемінде 3120 азамат тұрақты жұмыспен қамту көзделген болса, 8 айдың қорытындысымен 1174 азамат бос орындарға жолданып, жұмыспен қамтылды. 3484 азамат «Ұлттық жоба» бағыттары бойынша жұмыспен қамту шараларына қатысу үстінде.

Жалпы, қазір дұрыс тамақтану деген шықты. Диета, жүйелі ас мәзірі деген сынды терминдер «арықтатуды» кәсіп еткендердің күнделікті сөзіне айналды. Оның да өз жөні бар. Себебі, күндік рационымыздағы азық-түліктердің дені қажетті тағамдық құндылықтарды бере алмайды. Содан болар талай жұрт түрлі ауруды бойына жапсырып, дәрігер жағалап жүр. Ал, мына бөдене дегеніңіз еті де, жұмыртқасы да дәруіш құс. Мұны ескерген кей дамыған елдер құйтақандай құстың жұмыртқасы мен етін ұдайы пайдалануды әдетке айналдырыпты. Тіпті, кей ел арнайы заң да қабылдаған. Солардың бірі – Жапония. Ғылымнан да, ілімнен де алға озған күншығыс елі оқушыларын бөдененің етімен, жұмыртқасымен азықтандыруды қарармен бекіткен. Болашағы жарқын, ұрпағының дені сау болуы үшін. Айтпақшы, алғаш бөдене өсіруді ауқымды деңгейде жүзеге асырған да осы жапондар. Қазір жапондардың қатарына аспан асты елі де қосылған. Сандарды сөйлетсек, Қытайда 70 млн. бөдене бар екен. Ал, қоңсы қонған миллиардтар елінің болашағына қай кезден бей-жай қарамайтыны белгілі. Мына жатқан Ресейдің өзінде 350 мың бөдене бар көрінеді.

Тағам саласын зерделеп жүрген сарапшылар жұдырықтай құстың өнімдеріне алдағы уақытта сұраныс бірнеше есе артатынын алға тартуда. Өйткені бөдененің жұмыртқасы қуаттылығы жағынан да, дәрумендігі жағынан да тауықтікінен үш есе құнарлы. Былай айтқанда, темір, фосфор, калий, кальций, магний, мырыш, кобальт, марганец, мыс және маңызды аминқышқылдары метионин, лизин, глицин, тирозин, триптофанға бай. Ал еті холестеринсіз, нағыз диеталық ас. Содан болар, мамандар мың ауруға шипа бөдене еті мен жұмыртқасын жиі пайдалануға кеңес береді. Әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар аналарға, науқастарға ұдайы тұтыну қажет-ақ. Тарихи деректерге сүйенсек, бұрын құйтақандай құстың өнімін ақсүйектер мен билеушілер ғана тұтыныпты. Содан-ақ, дәруіш азыққа екінің бірінің қолы жете бермегенін аңғаруға болады. Әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлерін жылдам қатарға қосу үшін бөдене жұмыртқасын ішкізгенін сарғайған тарих парақтарынан кезіктіруге болады.

 – Бөдене кірпияз, тауық сияқты кез келген жемді қанағат тұтатын құс емес. Оларды ұстау, бағу шарттарын ғаламтордан қарадым. Бірінші ескеретін нәрсе, бұлар суық жерде жұмыртқаламайды. Ыстықты да ұната қоймайтын құс. Тұрақты температура 16-18 градусқа жылы болуы тиіс. Кәсіпті бастағанда көп қиындықтар болды. Уақыт өте келе бұл құстардың «тілін» тапқандай болдым, – дейді кәсіпкер.

 – Бармақтай жұмыртқадан шыққан балапандар жылдам өседі. Тек қажетті жағдайды туындату керек. Мәселен, жұмыртқадан шыққан балапанға 37,7-38°С температура қажет. Уақытында тамақтандырса бөдене тез ширайды. Күн өткен сайын температура төмендетіледі. Себебі, бұл уақытта бөдененің дене қызуы арта түседі. Алғашқы бір аптаның ішінде бөдене балапаны үш есеге салмақ қосып, бір айда 15. есе ұлғаяды. 50-60 күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Жалпы, бөдененің ғұмыры 1-1,5 жыл. Одан әрі жұмыртқаламайды, – дейді кәсіпкер.

«Бөдене жұмыртқасының қандай пайдасы бар?» дегенге келсек, биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. 

Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. 

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытай да бір­неше ғасырдан бері оның етімен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпемен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады. 

Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпемен туберкулезге, қанқысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тигенмен тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасымен гастрит­ке таптырмасем. Тіпті жапондықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқастың қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді. 

Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалармен ақсүйектердің жеңсікасы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор. 

Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтарымен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында–фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың етімен жұмыртқасын да осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауық тан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin