ҚХР Шандон провинциясының Линцин қаласы үкімет басшыларының ұйымдастыруымен жергілікті қытай кәсіпкерлері мен Түркістан облысынан барған делегация мүшелерінің қатысуымен іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында кеңейтілген жиын өтті.
Екі ел өкілдері арасында өткен мәжіліс барысында Линцинь үкімет басшысы Ван Хун мен ауданымыздың әкімі Азат Оралбаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Сондай-ақ, аталған кездесуде қытайлық «Baoji Haoyu Hitech Machine Engineering Co.Ltd» корпорациясы мен «Компания Ануар» ЖШС басшысы А.Кейкиеев қыш зауытына қажетті жаңа технологиялы қондырғы жабдықтар сатып алу үшін өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Аудан әкімі Азат Оралбаев Қытайдың Линцинь қаласындағы ірі кәсіпорындарын аралап, мақта талшығын тереңдетіп өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
Тоқыма кластерін құраған «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясы мақта өңдеуден бастап, жіп иіру, мата шығару, дайын өнімдерді тігуге (киім, мата ойыншықтар, т.б.) дейін жолға қойылған.
Қазіргі таңда «Саньхе» компаниясында айына 60-тан 80 мың тоннаға дейінгі мақта өңделуде.
Ал Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация Қытай мемлекетінің Ляочэн қаласындағы «Сычуан Цзинцин тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінің арасында кездесу өтті. Сычуань Цзинцин тау-кен компаниясының басқарма төрағасы Ян Чжицэй мырза мен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов арасында достық келіссөздер жүріп, кейін келесі ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қойды.
Онда Кентау қаласындағы өнеркәсібінің дамуына, оның ішінде кенді барлау, өндіру, кен өнімдерін өңдеуге, қаланың әлеуметтік ортасын жақсартуға мемлекеттік инвестицияларды жүргізуге келісілді.
Жандос Тасов қалаға инвестиция салып кәсіпорын жұмыстарын жүргізуге ниеттілерге, қолайлы жағдай жасау арқылы жеңілдіктер беруде қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.
Айта кетерлігі, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында Ордабасы, Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт аудандары және Кентау қаласының әкімдері, сонымен қатар кәсіпкерлерден құралған Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Линцинь қаласына іссапармен барған болатын.
Екінші күні делегация бұрғылау машиналарына және магнитті крандарға қажетті жабдықтар шығарумен айналысатын Қытайдағы ең ірі кәсіпорынның бірі – «Shandong Band Hongzhongchuang Intlligence Equipment Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысып, кәсіпорынның көпжылдық тәжірибиесі негізінде өндірісті Түркістан облысында бірлесіп дамыту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар «Shandong Band Hongzhongchuang Intlligence Equipment Co., Ltd» компаниясының өкілдеріне Түркістан облысының шикізаттық әлеуеті таныстырылып, аталған өндірісті Түркістан облысында бірлесіп кәсіпорын ашу арқылы дамыту ұсынылды. Кәсіпорын ашылған жағдайда, Қазақстанның ТМД елдерімен және Евразия экономикалық одағына мүшелігін пайдаланып, өнімді экспортқа кеңінен шығару мүмкіндігі айтылды. Нәтижесінде, кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта осы мәселе бойынша Түркістан облысына арнайы іссапар ұйымдастыруды жоспарлауда.
Одан соң делегация құрамы тоқыма кластерін құраған «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясында болды. Компанияда мақта өңдеуден бастап, жіп иіру, мата шығару, дайын өнімдерді тігуге (киім, мата ойыншықтар, т.б.) дейін жолға қойылған. Қазіргі таңда «Саньхе» компаниясында айына 60-тан 80 мың тоннаға дейінгі мақта өңделуде.
Кездесуде «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясының басшылығына, Түркістан облысы Қазақстандағы мақта егетін бірден-бір облыс екендігі айтылып, сондай-ақ жылына 130 мың гектарға жуық алқапқа мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам мақта өнімі алынатындығы бойынша барлық ақпараттар ұсынылды.
Әкімдік, облыс аумағында алынған мақта өнімін Қытайлық «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясына экспорттауға және мақтаны толық өңдеу мақсатында Түркістан облысы аумағында бірлескен кәсіпорын ашуға ниетті. Осыған орай, «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясы өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде, Түркістан облысында егілген мақта өнімін зерделеу мақсатында, «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясына ұсынылатын болады.
Бұдан өзге қағаз өнімдерін шығаратын «Zhongye Paptr Industry Yinhe Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысты. Компания тарапынан, Қытай Халық Республикасындағы экологиялық талаптарға байланысты шектеулер салдарынан компанияны Түркістан облысы аумағынан ашуға ниетті.
Компания өкілдеріне Түркістан облысының импорттық және экспорттық әлеуеті, бизнес климаты таныстырылды. Облыс аумағында бірлескен кәсіпорын ашу бойынша, зауытқа қажетті шикізат көздеріне зерделеу жұмыстары жүргізу, жобаның болжамдық жобалау құжаттарын жасау бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде келісімдер жасалынды.
Одан басқа сүт өнімдерін шығарумен айналысатын «Rutai Dairy Industry» компаниясын аралап көрді. Компанияда 5000 мың бастық асылтұқымды сиырлар бағылуда. Күнделікті сиырлар сауылысымен өнім тікелей зауытқа жеткізіліп, дайын өнімдер шығарылуда.
Делегация тарапынан, компанияның сиырларды бағу, сүтті өңдеу, дайын өнімдерді шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Облыстан келген сүт өнімдерін өндірумен айналысатын бизнес өкілдері компанияның сүт өңдеу саласында қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігін зерделеп, жабдықтарды алу бойынша ақпарат бөлісті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.