Түркістан облысы: Мақтаарал ауданындағы «Али» шаруа қожалығы 40 гектар егістік алқабына түріктің «ВА1010» мақта сортын егіп, гектарынан 38-40 центнерден өнім алып жатыр

Мақтаарал ауданына қарасты А.Қалыбеков ауылдық округінде орналасқан «Али» шаруа қожалығының егістік алқабында Түркия мемлекетінен әкелінген тұқымдық шиттердің өнімділігін таныстыру мақсатында «Берекелі Қырман» атты ауданаралық семинар-кеңес өтті.

Семинарға Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов, Жетісай, Мақтаарал аудандарының мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен мақта дақылын өсіруші агроқұрылым басшылары қатысты.

Онда «Мақталы Агро» ЖШС тарапынан жыл басында Түркия мемлекетінің мақта тұқымын дайындаушы «ProGen Tohum» компаниясының жоғары өнім беретін және тұздылығы жоғары егістік жерлерге төзімді (мақта сорттары ВА1010, Лазер, Эдесса, Каризма, Лима) тұқымдық шиттерін алып келіп, мақта дақылын өсіруші шаруаларға ұсынылған болатын.

«Али» шаруа қожалығы басшысы Талғат Әшимов өзінің 40 гектар егістік алқабына түріктің ВА1010 мақта сортын егіп, бүгінгі таңда егістіктің гектарынан 38-40 центнерден өнім алып жатқандығын айтып, шаруаларға келер жылы осы сортты егуге кеңес берді.

Нұралы Әбішов қазіргі таңда облыс аумағында мақта дақылының бірнеше сорттарының бақылаусыз егілуінің салдарынан мақта өнімділігінің өсуіне кері әсер етіп жатқанын айтты.

– Осыған орай сіздер мақта дақылының сапалы өнім беретін тұқымдық шиттерін таңдап, бізге ұсыныңыздар, біз сол тұқымдық шиттерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға ықпал жасайтын боламыз, – деді облыстық мәслихаттың төрағасы.

Қаржыландыру демекші, кәсіпкерлер өнеркәсіпті ынталандыру шараларын қолдана отырып, шығындарының бір бөлігін мемлекет есебінен өтей алады. Олар отандық өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Шығындарды өтеу арқылы кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттыра алады, технологиялық процестерді жетілдіріп, цифрлық технологияларды енгізе алады. Сондай-ақ, өз өнімдері мен қызметтерін ішкі нарыққа шығара алады. Бұл шаралар кәсіпкерлердің кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елішілік құндылықты арттыруға ықпал етеді.

Шығындарды «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өтейді.

Бірінші. Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім бере алады. Атап айтқанда, қызметкерлердің құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындар. Мемлекет шығындардың бұл түрлері бойынша 40% өтейді (30-дан 60 миллион теңгеге дейін).

Екінші. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өз тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарды өтеуге өтінім бере алады. Бұл өнімнің сертификаттық және зертханалық сынақтарын, соның ішінде сертификаттарды тіркеу, сынақ нәтижелерін сараптауды жүргізуге кететін және аяқ киім өнімін таңбалауға. Бұл жағдайда мемлекет шығындардың 50% өтей алады (3000-нан 10 000 АЕК-тен аспайтын).

Өтінімдер мен қоса берілетін құжаттар жыл бойы QazIndustry порталындаwww.qazindustry.gov.kz («бизнесті ынталандыру» бөлімі) онлайн түрде қабылданады.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ ақпаратты 8 (7172) 79 33 90 (ішкі. 444). байланыс телефоныарқылы алуға болады.

Сонымен қатар, жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry аптаның әр бейсенбі күні Ашық есік күндерін онлайн және офлайн түрде өткізеді (ашық есік күндеріне қатысу шарттары туралы https://qazindustry.gov.kz/…/2625-den-otkrytykh-dverey… сілтемесі арқылы білуге болады).

Анықтама үшін айта өтейік, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында QazIndustry отандық кәсіпорындардың 186 миллион теңгеден астам шығындарын өтеді. Мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында ондаған кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттырып, өндіріс көлемдерін және өнім ассортиментін кеңейтіп экспортқа шығуда.

Сізде осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырыңыз!

Тақырыпқа қайта оралсақ. «Мақталы Агро» ЖШС мақта өңдеу зауытының басшысы Сержан Тастанбеков бүгінгі таңда Түркия мемлекетінен келген осы тұқымдық шиттерді сатып алған шаруалардың өнімін қайта өздеріне өткізген жағдайда нарықтық бағадан 20-25 теңге қымбатырақ сатып алатынын айтты.

Сонымен қатар семинар-кеңесте сала мамандары тарапынан отандық және шеттелдік тұқымдарға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулардың қарастырылғандығын түсіндірді.

Жиын соңында шаруалар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Жалпы, биыл мақтааралдық шаруалар 36 мың гектардан аса жерге мақта шитін сепкен. Қазігі таңда диқандар мақтаға қажетті агротехникалық шараларды толық аяқтап, мақта жинау науқаны қызу қарқынды жүріп жатыр.

Аудан бойынша 36 мың гектар мақталық алқаптың барлығына дефоляция жұмыстары жүргізілген. Мақта зауыттары мен қабылдау бекеттері толық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай шаруаларға таратылуда. Қазірдің өзінде 23 мың тоннадан астам «ақ алтын» қамбаға жиналды.

Бұдан бөлек, мақтааралдық шаруалар биыл 18 мың тонна көкөніс, 2,4 мың тонна картоп, 419 мың тонна бақша өнімдерін, 2,7 мың тонна мал азықтық дақылдарды, 28 мың тонна жоңышқа, 3,4 мың тонна дәнді дақылдардың өнімін жинаған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin