Түркістан облысында экономикалық көрсеткіштер бойынша Созақ ауданы көш басынан көрінді

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін нақтылау мақсатында облысқа қарасты аудан, қала әкімдерінің арасында 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша рейтингі түзілді.

Онда облыс әкімі тарапынан жүктелген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы және ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс, өнеркәсіп өнімдері, жаңа жұмыс орнын құру және тағы басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстар толықтай қамтылды.

Нәтижесінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мерзімінде әрі сапалы орындау рейтінгісі бойынша Созақ ауданы көш басына орналасты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін І кезеңіне Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Бағдарламаның ІІ кезеңіне Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері енгізіліп, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 264 азаматтың құжаты мақұлданып, 148 азамат 782,910 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.

Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар қарқынды. Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ол дегеніңіз — 2 кент, 27 ауылдық елді мекен немесе 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған деген сөз. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге  (Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдық)  кестемен берілуде.

 Шолаққорған ауылының «Ақшам» және «Наурыз» мөлтекаудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылға 51 миллион теңге, 2023 жылға 657 миллион теңге қаржы бөлінді. Су тарату нысандарының орындары қоршалып, 30 шақырымға жуық су құбыры траншеяларға тасталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жоба құны – 1 миллиард 547 миллион 373 мың теңге.

Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға 17 141,0 мың теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жобалаушы анықталып, келісімшарт түзілді. Осы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржы қарау үшін бюджетке ұсынылуда.

Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қажетті 12 454,0 мың теңге қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс беріліп, қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, аудандық бюджеттен 9 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемлер анықтылды.

Жоба құны: 2 820 249,0 мың теңге. Балдысу – 513 миллион 872,0 теңге; Қарабұлақ – 413 миллион 561,0 теңге; Басбұлақ – 515 миллион 141,0 теңге; Саржаз – 583 миллион 493,0 теңге; Сызған – 794 миллион 182,0 теңге.

Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды.

Жолдардың сапасын арттыру мақсатында осы жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін қажетті қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Құрылыс саласы бойынша Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысына 245,5 миллион теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 181,3 миллион теңге қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы» жобасына 2 065,0 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Биыл республикалық бюджеттен 300 миллион теңге қаралды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шолаққорған ауылынан Ыбырай Алтынсарин атындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды.

Сондай-ақ Ыбырай ауылынан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі жанынан 200 орындық жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.

Жалпы, аудан бойынша 35 мектеп, 37 балабақша (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік) жұмыс атқаруда. Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 1 540 бала мектепке қабылданып, жалпы 15 433 оқушыны құраған болатын.

2022-2023 оқу жылында 937 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 52 оқушы «Алтын белгі» белгісін және 90 оқушы үздік аттестат иеленді. Мектепті аяқтаған 937 оқушының 779-ы (грант-417, ақылы-352. Шет елге-10 оқушы) ЖОО-ға оқуға түссе, 108-і АОО-ға оқуға (грант-69, ақылы-39) түсіп отыр. Оқуға түспей жұмыспен қамтылғаны-42, әскерге кеткені – 7, қайтыс болғаны-1. 2023-2024 жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 1546 бала қабылданып, жалпы оқушы саны – 15 526-ы құрап отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу межеленген. Қазіргі таңда, 2-6 жас-99,6%, 3-6 жас – 100% құрады.

Мектептерді қысқы маусымға дайындау мақсатында жылыту жүйелерін шаю және қысымдау-сығымдау жұмыстары толық аяқталған. Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары 5941 бала ыстық тамақпен қамтылуда.

«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аудандағы мекемелерге хат жіберіліп, республикалық акцияға қатысуға арнайы хат берілген болатын. Қазіргі уақытта, бюджеттік мекемелер тарапынан 122 бала, қосымша демеушілер есебінен 732 бала, жалпы 854 балаға жәрмеңке аясында көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 18 тамыз күні арнайы «Оқушы формасы мен мектеп жабдықтары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда аудан кәсіпкерлері мен шымкент қаласынан арнай келген кәсіпкерлер арзандатылған мектеп формалары мен мектеп жабдықтарын сатты.

Газдандыру жұмыстары бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% көмілген. АГТС қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргізілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. 2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд. 202 мың 719 теңге қаржы бөлінді. 2023 жылдың наурыз айында 353 миллион теңге аванс төленді. (АГТС қондырғылары дайындалуда) Қалған 411 миллион 221 мың теңге бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады. 2021-2022 жылдар аралығында 175 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3500 абонентке газ құбыры жүргізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin