Түркістан облысы: Сауран ауданы аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аудан прокуратурасының ерекше назарында тұр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады. Өз кезегінде Сауран ауданы аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аудан прокуратурасының ерекше назарында тұр.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан 21 жоба бар. Бұл ретте аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді талқылау және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталды.

Жиын барысында инвесторлар бизнес ахуалдың жақсарғанына тоқталып, өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асуы бойынша мәселелер талқыланды. Инвесторлардың хабарламаларына жедел ден қою үшін прокуратураның бастамасымен «WhatsApp» мессенджерінде арнайы чат ашылған.

Орайы келгенде, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ақпаратты назарларыңызға сала кетсек.

Конкурсты ұйымдастырушы «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ болып табылады. Мекеменің орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 32-ші көше, ғимарат №18. Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 32-ші көше. Электрондық пошта мекенжайы: dkbuko@mail.ru. Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79.

Конкурс нысанасы: 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (kezekte.kz) https://dkb.kezekte.kz/kz/dkb-info/help.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2023 жылы 13-17 қарашасы аралығында жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2023 жылы 13 қарашасы сағат 09:00 (жергілікті уақытпен); Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2023 жылы 17 қарашасы сағат 19-00 (жергілікті уақытпен);

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan kasipkerlik/documents/details/547208?lang=kk сайтында танысуға болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin