Түркістан облысы: Шардара ауданындағы мал шаруашылығын кәсіп еткендер 498 845 тонна мал азығын қамдап алды

Шардара ауданы — мал азығын дайындау және өзге де мал азығы саналатын жабайы өсімдіктерге бай аудан. Ағымдағы жылы да аудан мал азығын толыққанды қамдап үлгерді.

Атап айтсақ, ауданда 16557 гектар ескі жоңышқадан 196500 тонна өнім жиналса, 4160 гектар жаңа жоңышқалықтан 9175 тонна мал азығы жиналды. Сонымен қатар, 2850 гектар жерге дәндік жүгері егіліп, одан 19950 тонна өнім алынды. Сондай-ақ, 4119 гектар сүрлемдік жүгеріден 145605 тонна өнім жиналды.

Бұдан бөлек, төрт түлікке ең құнарлы азық саналатын күздік бидай 1050 гектарға егіліп, одан 3255 тонна өнім алынса, жаздық арпа 1500 гектар жерге егіліп, 4360 тонна мал азығы қамдалды.

Оған қоса, мал азығына саналатын 120 мың тоннадан астам жабайы өсімдіктер жиналды.

Аудан бойынша мал азығының қоры толыққанды қамдалды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin