Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы экономикасының күші — өнеркәсіп өнімінде

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан «Южконд» кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс орнының тыныс-тіршілігін көрді. Кәсіпорын басқарушысы аудан әкіміне кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде 50-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Аталған цех 32 түрлі өнім шығаруда. Қазіргі таңда өндірілген тәттілер Әзірбайжан мемлекетіне және еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілуде.

Айта кетсек, «Южконд» кондитерлік өнімдер өндіретін цехы 2014 жылы өз ісін алға қойып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан аудан әкімі Сарыағаш ауданының экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ел игілігі жолындағы еңбегі жана берсін деген жылы лебізін білдірді.

Бұдан бөлек кеше аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкердің жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда Б.Камаров “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, қаржысына құрал жабдықтар алып, кәсібін бастаған. Кәсіпкер 8 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған. Тапсырыстар облыс көлемінде келуде.

Кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев: «Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты — ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Жұмысыңызға береке, сәттілік тілеймін», — деп, темірден түйін түйген шеберлердің жұмысына толағай табыс пен сәттілік тіледі.

Осы тұста атап өтер тағы бір жайт, кеше аудан әкімдігінің жанынан құрылған ведомствоаралық сервистік топ мүшелері, аудандық прокуратура, аудандық Полиция бөлімі және «Мансап орталығы» филиалының мамандарымен бірге түзеу мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробациялық есепте тұратын азаматтарды қоғамнан оқшауламау және қылмысты қайта болдырмау үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыру мақсатында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында «Мансап орталығы» филиалының жауапты мамандары жұмысқа тұру үшін жолдамалар алу мүмкіндігі мен мемлекеттік грант бойынша түсіндірме жүргізіп, өз кеңестерін берді.

Сондай-ақ, аудандық прокуратураның прокуроры А.Еламан нұсқауымен үш азаматты жұмысқа орналастыру мақсатында жолдама алуға шақырды.

Жиналыс төрағасы аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов осы тектес жиналыстарда өз мұң-мұқтаждарымен бөліскен, пробация есебіндегі азаматтардың қылмысты болдырмау, қоғамнан оқшауламау және оларға әлеуметтік жағдайларын дұрыстауға көмек беретіндігі туралы атап өтті.

Реті келгенде жеке кәсіпкерлердің назарына маңызды мәселені жеткізгіміз келеді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының 14-ші тармағына сәйкес, аудандағы салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығын басшылыққа ала отырып жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында құрылыс жұмыстарын тоқтататындығын ЕСКЕРТЕДІ:

  1. Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту;
  2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу;
  3. Эскиздік жобасын бекіту;
  4. Жұмыс жобасын жасату және оған сараптаманың оң қорытындысын алу;
  5. Құрылыс басталар алдын Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына хабарлама жолдау;
  6. Құрылыс жұмыстары аяқталған уақытта қабылдау актісін жасатуды ескертеді.

Жоғарыда көрсетілген ескертпені мерзімінде жоймаған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды шарттарды, ережелерді, шектеулерді бұзуға жол берген оның субъектілерін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Кодексте Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексіне сәйкес айыппұл салуға немесе жауаптылыққа әкеліп соғатындығын назарларыңызға саламыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 Қаулысына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарға тікелей қызмет көрсету «Азаматтарға Арналған Үкіметінің Egov.kz» және «Е-Лицензия» веб порталдары арқылы жұмыс жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin