ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 1 086 000 ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлімдеді.

Басқарма басшысының баяндамасна сүйенсек, 2024 жылдың 3 айдың қорытындысы бойынша, жыл басынан бері үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 8 (жергілікті орган 7, Астана қаласымен — 1) компания бар.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қолданыста 2024 жылы үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 15 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізуде, ал біріңғай оператормен рұқсат алған 6 құрылыс компаниясы қолданыста жұмыс жүргізілуде.

Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 086 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген. Жылдың 3 ай қорытындысы бойынша тұрғын үйлер пайдалануға 135000 ш.м. қабылданып, бекіткен жоспарлар орындалуда.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 2024 жылдың 3 айында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 66-ға жуық заңсыз құрылыс нысандары анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хатпен жолданған.

Мемлекет мұқтажына жер учаскелерін қайтару бойынша ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 2041 жер учаскесіне, 237 нысан бойынша 53 қаулы қабылданған.

Бұдан бөлек, басқарма басшысы 2024 жылдың 3 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан жалпы 5971 кіріс хат түсіп тіркелген, оның 3888 арыз-шағым болса, 2083 мемлекеттік мекемелер хаттары және 5588 шығыс хатымен тиісті жауаптар беріліп, орындалған.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының тарапынан I-komek бірыңғай байланыс орталығы арқылы басқармаға қатысты 26 арыз-шағым келіп түскенін айтты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin