Түркістан облысы: Созақ ауданындағы Таукент кентінің әлеуеті зор

Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің Таукент кентінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Онда бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Ағымдағы жылы Таукент кентінде тұрғындар сұранысына орай бірқатар жұмыстар атқарылады. «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауысады. Бұл бағыттағы жұмыстар Қыземшек кентінде де жалғасады. Сондай-ақ кент ішіне бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұған қоса Жыныс ата, Көкжиек, Тойшыұлы, Кіші коттедж, Мыңжылқы, Келіншектау, Бәйтерек және Кеңесбаев көшелері орташа жөндеуден өтіп, Тоқмағанбетов, Ш.Бекжанов, С.Тайшыұлы, І.Кеңесбаев, және Жыныс ата көшелеріне көше жарықшамдары орнатылады. Біз мұнымен шектелмейміз. Демеушілер есебінен Жыныс ата елді мекенінен балалар ойын алаңшасын, Таукент кентінен жабық үлгідегі кіші футбол алаңын салу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, — деді аудан басшысы.

Жиында тұрғындар аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, келелі жоспарлардан хабардар болды. Бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалдарын жолдады. Жиын соңында бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сонымен, орайы келгенде Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сүйене отырып, Таукент кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқтала кетсек. Ең әуелі бюджет саласы хақында. Таукент кенті бойынша 2023 жылы жалпы кіріс мөлшері 111 миллион 532 мың теңге болып бекітілді. Оның ішінде субвенциямен трансферттен – 67 196,0 мың теңге; бос қалдық – 2892,0 мың теңге; салықтық түсімдер – 43636,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер 700,0 мың теңге болып қалыптастып, тиісті мақсаттарға жұмсалып, 100  пайыз игерілді.

Кент әкімдігі бойынша бюджетке 12 айға 44336,0 мың теңге кіріс түсіру жоспарланса, түскен кіріс көлемі 63191,5  мың  теңгені құрап, яғни жоспар 142,5 пайызға артығымен орындалған. Мұның бір себебі, арнайы режимдегі кәсіпкерлердің жеке табыс салығының және жеке азаматтардың мүліктерін сатып алудан тапқан кірістерінің есебінен артығымен орындалып отыр.

Әлеуметтік салаға ойыссақ. Кенттің халық саны — 8173 адам,  оның ішінде ерлер – 3882 адам, әйелдер – 4291 адам, барлық отбасы саны — 1748, зейнеткерлер – 619, мүгедектер – 154, 14-29 аралығындағы жастар – 2254, оқушылар – 1850, жұмыс істейтіндер – 3625, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 252, жұмыссыздар – 116. Зейнеткерлердің ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері — 1, соғыс ардагеріне теңестірілген — 1, тылда еңбек еткен — 10, ауған соғысының ардагері — 3, Чернобыль апатына қатысушылар — 1, алтын алқа — 64, күміс алқа — 86 адам.

Еңбекке қабілетті халық саны 3747 адамды құрайды, өндіріс пен қызмет көрсету саласында 2858 адам еңбек етеді. Жеке кәсіпкер – 243, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда 639 адам тер төгіп жүр.

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы шеңберінде кент әкімдігі бойынша 13 тұрмысы төмен отбасыға арнайы демеушілер бекітіліп, қаржылай және заттай көмектер көрсетіліп отыр.

2023 жылы 19 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған.

Атап айтсақ, 5 шартсыз және 14 шартты отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар өткізіп, көмек алған. Барлығы 2023 жылы қарастырылған қаржы 4 574,034 теңгені құрайды, оның ішінде шартты отбасыларға 3 726,542 теңге болса, шартсыз отбасыларға 749,165 теңгені құрайды. 31 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 азамат Жастар практикасына тартылды. Жастар практикасына қамтылған 1 азамат тұрақты жұмысқа тұрды.

Ал Созақ ауданы көлемінде Ұлттық жобалар шеңберінде 4 713 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 130 пайызға орындалды.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес, 714 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 12 айдың қорытындысына сәйкес 861 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

2023 жылы 3 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 260 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

«Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 21-35 жас аралығындағы жастарға Түркістан облысы «Агронесие корпорациясы» АҚ арқылы 2,5 % шағын несиемен 2023 жылы 32 азаматты 160 миллион теңге қаржымен қамту жоспарланып, жыл қорытындысына сәйкес 26 азамат тарапынан 122 миллион 600 мың теңге алуға тиісті  құжаттары жинақталып, комиссия отырысына қарауға ұсынылған. Оның ішінде 20 азамат 95 миллион 698 мың теңге несиеге қол жеткізу үшін комиссия шешімінің оң қорытындысын алып, шағын несие алуға Түркістан облысы «Агронесие корпорациясы» АҚ-мен 19 азамат 92 миллион 600 мың теңге алу мақсатында келісімшартқа қол қойып, қаржысын алды.

2023 жылы 12 айдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек 630 отбасыға (3 450 адамға) 227 миллион 379 мың теңге төленді.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-де «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік такси пайдалануға берілді.

2024 жылдың 3 айындағы деректерге сүйенсек, 2024 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен бас бостандығынан айырылу мекемелерінен босаған азаматтарға арнап 1 рет жәрмеңке өткізіліп, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, 54 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

2024 жылдың 3 айында 218 отбасы (1 261 адам) атаулы әлеуметтік көмек алды.                         

Кент әкімдігі бойынша 2023 жылы өткізілген мәдени іс-шаралар:

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай 2023 жылы наурызда кент мәдениет үйінде концерттік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Алтын алқа, Күміс алқа және жалғызбасты аналарға барлығы 85 (сексен бес) анаға 600,000 (алты жүз мың) теңгенің заттай сыйлығы табыс етілді.

Таукент кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Катко» БК ЖШС-і кенттегі тұрмысы төмен, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаға қараушы, көпбалалы алтын алқа иегерлеріне, барлығы 159 (жүз елу тоғыз) отбасыға 1 тоннадан көмір және 5 отбасыға азық түлік көмектері таратылып берілді.

2023 жылы кент тұрғыны Айбала Құдиярованың тұрғын үйі өртеніп кетіп, оған халықтың демеушілігімен көпқабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып берілді.

Таукент кентінің ауыл шаруашылығы саласында қандай оңда тірліктер атқарылып жатыр? 2023 жылдың қаңтар айына 1025 мүйізді ірі қара болса, 2024 жылдың қаңтар айына 1145 басты құрап, 111 %-ға  артқан. 2023 жылдың қаңтар айына 422 бас жылқы болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 505 басты құрап, 120%-ға көбейіп отыр. 2023 жылдың қаңтар айына 9149 бас майда мал болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 8583 басты құрап, көрсеткіш 94 %-ды төңіректеді. 2023 жылдың қаңтар айына 22 бас түйе болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 23 басты құрап, 104 %-ға артты.

Үш жақты келісімшарт бойынша егістік жердің игерілуі — 0,28 гектар: оның ішінде, картоп — 10 гектар, көкөніс — 10 гектар, бақша — 8 гектар.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестиция бойынша жоспар 14  миллион теңге болатын болса, бұл жоспар 13 миллион 200 мың теңгеге жетіп, 95 пайызға орындалды.

Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша «Қожақ» ЖШС доңғалақты тиегіш техниканы өз қаржысына сатып алды.                                                          

Жеке кәсіпкер Ханшайым Мұқымбекова 200 бас қазақтың құйрықты, қылшық жүнді асыл тұқымды қойын алды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «ЖК Мұқымбекова» шаруа қожалығы 8 бас қошқар алды.

Таукент кентінің тұрғыны Әкім Сахов 500 бастық отбасылық құс фермасын ашып,  кент тұрғындарын жұмыртқамен қамтамасыз етіп отырған жайы бар.

2023 жылғы 21 қыркүйек күні Созақ ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің «Алтын күз-2023  жәрмеңкесіне Таукент кенті шаруалары өз өнімдерін апарып, жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Таукент кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Ханшайым Мұқымбекова аудан әкімінен «Үздік шаруа»  номинациясы бойынша марапат алды.

Тұтастай алғанда, Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар тындырымды тірлік бар. Мәселен, өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Шолаққорған, Созақ, Құмкент, Жартытөбе ауылдық округтері қатысқан. Аталған ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жеңілдетілген несиемен қамтылып 88 миллион 850 мың теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

«Ауыл аманаты» жобасына 277 жоба тапсырылып, 210 жоба 1 миллиард 169 миллион 410 мың теңгеге несие алды.

Ал 2024 жылдың 3 айындағы деректерге үңілсек, 2024 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылып, қатысып отыр.

Негізгі капиталға 678,1 миллион теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 100% орындалды (жоспар: 677,8 миллион теңге).

Тамақ өндірісіне 205,8 миллион теңге инвестиция тартылып, 101,2% орындалды (жоспар: 203,3 миллион)

Егістік жер көлемі 14 390 гектарға игеріліп, 100,6% орындалды (жоспар: 14 300 гектар).

Жерге тамшылатып суару әдісі 5,2 гектарға енгізіліп, 104%-ға орындалды (жоспар: 5 гектар).

30 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 100% орындалды.

Жаңбырлатып суару әдісі 164 гектар жерге ендіріліп, 100% орындалды (жоспар: 164 гектар).

4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, меже (100%) орындалды.

8 дана жоғары отбасылық құс фермасы 500 бастан ашылып, 33%-ға орындалды (жоспар: 24 ферма).

Сонымен қатар, 2023 жылы 13 127 тонна ет, 16 429 тонна сүт, 2 470 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, жыл қорытындысына сәйкес Созақ ауданында мүйізді ірі қара 36 129 бас, қой 245 338 бас, ешкі 23 540 бас, жылқы 30 115 бас, түйе 15 072 бас, құс 25 037 басты құрады.

Ветеринария саласы бойынша 2023 жылға көктем мезгіліндегі Таукент кенті әкімдігі бойынша энзоотиялық ауруларға қарсы атқарылған жұмыстарды да түгелдей кеткенді жөн көрдік.:

Дизицип ерітіндісі бүркілген ірі қара мал басы — (мүйізді ірі қара, жылқы, түйе) – 1204 бас. Дизицип ерітіндісіне тоғытылған майда мал басы – 10500 бас.

Таукент кенті әкімдігі бойынша 2023 жылы  4440 бас уақ малға, 450 бас ірі қара, 70 бас жылқы малына құтыру, аусыл, қарасан, сібір жарасы ауруларына қарсы дәрі егілді. Қора жайлар мен оған жапсарлас аумақтарды дезинфекциялау 66795 шаршы метр болса, 100 пайыз дезинфекциялау жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Ал, буферлік аймақ, суатттарды дезинфекциялау 17 105 шаршы метр болса, ол да 100 пайыз дезинфекцияланды.

2023 жылы жоспар бойынша 125 бас ит-мысық жойылу керек болса, 100 пайызға орындалды.         

2023 жылы Беккери шұңқыры салынып, пайдалануға берілді.

Коммуналдық шаруашылық саласы жайлы да тілге тиек етейік. Таукент кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бірге Таза Қазақстан» жыл сайынғы экологиялық акциясы және «Әр отбасы — бір ағаш» ағаш отырғызу акциясы өткізілді. 24 рет сенбілік аясында көше бойларын тазалау, берекетсіз күл-қоқыстарды жою, ағаштарды әктеу, аяқжолдарды тазалау, саябақтарды тазалау, автобус аялдамаларын ретке келтіру және спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. 1000 қарағаш, 100 түп шырша, 450 түп роза гүлі, 20 түп акация, 60 түп тұт ағашының көшеттері отырғызылды. Кент әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сенбілікке «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ қарасты мекемелер, мектептер мен балабақшалар атсалысты.  

«Катко» ЖШС-нің демеушілігімен №49 көпқабатты тұрғын үйден І.Кеңесбаев мекебіне дейінгі аралығындағы және Мәдениет үйінен бастап №159 көпқабатты тұрғын үйге дейін аяқжол салу жұмыстары жүргізілді.

«Казатомпром — SaUran» ЖШС-і демеушілігімен Таукент кентінен Жыныс ата көшесі аралығына 1,3 шақырым жолға аяқжол салынды. Аяқжол бойына отырып демалатын орындықтар қойылып, толықтай жарық шамдары орнатылды.

№49, 50, 131 тұрғын үй тұрғындарының өтініш-тілектеріне орай, кент әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы қоқыс тастайтын  орын салынып берілді.

Аудандық бюджеттің есебінен Таукент кентінің Қ.Сәтбаев көшесі, Е. Ерімбетов көшесі, Мыңжылқы көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Бейбітшілік көшесі, Болашақ көшесі, Мәңгілік ел көшесі,  Тұран көшесі, Қаратау және Келіншектау көшелеріне көше жарықшамдары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. 

Аудандық бюджет есебінен Таукент кентінің №1, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 131, 50, 132, 157, 158, 159 көпқабатты тұрғын үй аулаларына жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Жыныс ата көшесіне көше жарықшамдары орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Таукент кентінің жолдарына қажетті жол белгілерін орнату жұмыстары ұйымдастырылды.

«Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» мекемесінің демеушілігі тарапынан С.Әліұлы орта мектебі жанына 2 аялдама, Көкжиек көшесі бойынша 1 аялдама орнатылып, онда автобус тоқтауға болатындығы туралы арнайы белгілер қойылды.

Кәсіпкерлік саласында ауыз толтырып айтатын біраз шаруа аңғарылады. Жалпы, кент әкімдігі бойынша 235 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

«Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие»  аясында 2 азамат 5 миллион теңгеге дейін грант алып, мал шаруашылығын дамытып, жұмыстарын жүргізуде.

2023 жылы қолөнер үйірмесі ашылып, жұмыс атқаруда. Үйірме оқытушысы тігін, бисер, проза саласы бойынша 107 балаға үйрету жұмыстарын жүргізуде. «Easy english» ағылшын тілін оқыту орталығы ашылып, онда 70 бала білім алады, «Sham» ақыл-ой дамыту орталығында 10 балаға дәріс беріледі, онда 2 азамат жұмыспен қамтылған. Орыс, ағылшын тілі және бастауыш сынып оқыту әдістемесін оқыту бойынша «Әлем» оқу дамыту орталығы ашылып,онда 30 бала дәріс алады, 4 азамат жұмыспен қамтылған. Кент халқына қызмет көрсету мақсатында «Астау» кафесі ашылып, онда 5 азамат жұмыспен қамтылған. 2 наубайхана ашылып, онда 2 азамат жұмыспен қамтылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік дүкен ашылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтың бастамасымен жаңадан мешіт құрылыс басталып, 2024 жылы пайдалануға берілетін болады.

Қорыта келгенде, Таукент кенті әкімдігінде 2023 жылы атқарылған жұмыстардың реті осындай. Жергілікті әкімдік: «Алдағы уақытта халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны іске асыру барысында нәтижелі жұмыстар жүргізіле беретін болады» — деп сендіріп отыр.

Сөз оңында 2024 жылдың еншісінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы да ақпарат бере өтсек.

Ағымдағы жылы І.Кеңесбаев көшесіне ұзындығы 3,7 шақырым жарықтандыру; Жыныс ата көшесіне 2,5 шақырым жарықтандыру; Қ.Тоқмұхамедов көшесіне 4,2 шақырым жарықтандыру; Ш.Бекжанов көшесіне 1,5 шақырым жарықтандыру; С.Тойшыұлы көшесіне 1,3 шақырым жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, аудандық тұрғын үй құрылысы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі арқылы төмендегі көшелерге орташа жөндеу бойынша асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ: Жыныс ата көшесі — 3,2 шақырым; Көкжиек көшесі — 2,255 шақырым; С.Тойшыұлы, кіші коттедж көшелері — 2,334 шақырым; Келіншектау, Мыңжылқы, Бәйтерек және І.Кеңесбаев көшелері — 1,954 шақырым.

БК «Катко» ЖШС демеушілігімен Ш.Бекжанов көшесі жағынан  футбол алаңы балалар ойын алаңшасымен салынады және Көкжиек көшесінің жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы, 2023 жылы аудандық бюджет есебінен 10 елді мекеннің (Шолаққорған, Жартытөбе, Созақ, Сызған, Қаратау, Қарақұр, Жуантөбе, Құмкент, Қыземшек, Таукент) көшелері жарықтандырылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. 2024 жылдың 3 айындағы көрсеткіштерді сараласақ, 2024 жылы жыл басында аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округке (27 көшеге) (Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент) көше жарықшамдары орнатылды.

«Казатомпром SaUran» ЖШС-нің демеушілігімен І.Кеңесбаев көшесі бойынан футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасын, «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС демеушілігімен №1 үйдің жоғары жағынан жабық стадион құрылысын салу жоспарлануда.

Еске салайық, кент аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырымдай жерде орналасқан. Іргесі ХХ ғасырдың 70-жылдары уран кенін өндіруге байланысты қаланған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin