Түркістан облысы: Сауран ауданында орындық шығаратын цех іске қосылды

Сауран ауданының Иассы ауылдық округінде орындық шығаратын «Хайдаров Валид» цехының ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов пен ауыл ақсақалдары қатысты.

Аталмыш цехтың басшысы Валид Хайдаров өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отыр. Жоба құны 300 миллион теңгені құрайды. Цехтың аумағы 0,85 гектарды алып жатыр. Бүгінде өндіріс орнында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айына 400-ге жуық үстел шығартын цехтың өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп, сұраныс артуда. Алдағы уақытта цех өндірісінің көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Расын айту керек, Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды даму үстінде. Оларға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге азаматтарға мол мүмкіндіктер берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбейіп келеді. Жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көздері ашылуда. Осы тұрғыда аудан әкімі өз кәсібін жасаймын деген әрбір жеке кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсететіндігін айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin