Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы мәжілісте сараланды

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде ауылдық округтердегі бюджеттің кіріс бөлігі мен ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы, елдімекендердің электр жүйесімен қамтылуы және жарықтандыру жұмыстарының барысы туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының өз деңгейінде орындалуы мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары да талқыланды.

Аталған мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері, аудандық экономика жане қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Искаков баяндама жасады.

Жиын барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы саласын дамыту және осы бағыттағы жоспарлы жұмыстарды мерзімінде іске асыру үшін қажетті шараларды тиісті деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin