Шымкент: Абай ауданында ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейі толықтай 100%-ға жеткен

Халықтың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін аудандардағы инфрақұрылым бір жолға қойылуы керек. Өйткені ол – экономиканың негізгі тетіктерінің бірі. Инфрақұрылымды арттыру үшін өңірде ауқымды шаралар қабылданып, қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Абай ауданында инфрақұрылымды дамыту қарқынды жүруде. Газдандыру мен кәріз жүйесі кеңейіп келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы аудандағы инфрақұрылымдық даму туралы баяндады. Әкімнің мәліметінше, қазіргі таңда аудан аумағындағы 27 елді мекенде 257,7 мың халық тұрады, олар 55 159 жеке үй және 220 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтиды. Сонымен қатар, ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан бар.

Ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейі толықтай 100%-ға жеткен.

Аудандағы 23 елді мекен табиғи газбен қамтылған, бұл 85,2%-ды құрайды. Тағы 4 елді мекенде газ жүйесінің құрылысы жүргізілуде, олардың ішінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы, Ынтымақ-2 шағын ауданы, және Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабы бар. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Абай ауданында 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ.

Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі.

Құрылыс қарқыны жалғасуда: 2024 жылдың соңына дейін Тұран-А-2 тас жолы коллекторының құрылысы аяқталып, 2025 жылға қарай Шымсити-Төлеметов коллекторының құрылысы жалғасады. 2025-2026 жылдары тағы 8 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылысын бастау жоспарланған. Нәтижесінде 2026 жылға қарай ауданның кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 55,5%-ға дейін ұлғаймақ.

Ал, аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды, атап айтқанда:
— асфальт жол — 573 шақырым (48,5%);
— тас жол – 450,2 шақырым (25,7%);
— топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%)

Асфалт мәселесі 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 22 жоба іске асырылған
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.

Халық қатысатын бюджет 2023 жылы 376,5 млн.тг 13 жоба іске асырылған. Оның ішінде: 10 – балалар алаңшасының (Бозарық, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ) құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 10 балалар алаңшасының құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген. 3 – спорт алаңша (Асар, Достық, Қайнарбұлақ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

Абай ауданының 2024 жылы абаттандыруына ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әкімдік аппаратына жалпы 3,88 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, көшелерді жарықтандыру сияқты түрлі жобаларға бағытталған.

Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 18 балалар алаңы және 2 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жобаларға 491,2 миллион теңге қарастырылды.

Абай ауданының инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бұл жұмыстар аудан халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin