Шымкент: Президент тапсырмасына сәйкес әкімдік кәсіпкерлерді қолдау үшін салық мөлшерлемесін төмендетті

Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналғанын айтты. Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасай отырып, бюджетке түсімдерді арттыруды тапсырған болатын.

Сондай-ақ, жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналғанын баса айтты.

«Бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс. Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін оны жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды»,- деді Президент

Әрине, кез келген өңір кәсіпкерлерінің көтерген мәселесін жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, оңтайлы шешу жолдарын қарастыру басты мақсаты. Салықтық жеңілдік жасау кәсіпкерлердің өз ісін одан ары дамытуы үшін тиімді.

Президент тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы қала әкімдігі де шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендетті. Бұл шара кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға, қаржылық айналымын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен Мемлекеттік кірістер департаменті және Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдеріне бөлшек салықтың арнайы режимі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы бұл салық режимі 364 түрлі кәсіпкерлік қызметті қамтиды. Қазіргі уақытта қалада осы қызмет түрлерімен айналысатын 90 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген.

Айта кететін жайт, қызметкерлер саны 200 адамнан аспайтын, жылдық табысы 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Қазақстан Үкіметі бекіткен қызмет түрлеріне жататын кәсіпкерлер бөлшек салықты келесі талаптарға сай келетін кәсіпкерлер пайдалана алады.

 

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin