Шымкент қаласының өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді

Бүгінде қалада жалпы көлемі 1276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды.

Индустриялық аймақтардың сыйымдылығы 90%-ға жетіп, қалада қосымша 1660 гектар аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылуда.

Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 гектар, “Жұлдыз” ИА 155 гектар, “Стандарт” ИА 118 гектар, “Темір” ИА 1076 гектар көлемде құрылады. Сауда-логистикалық орталығы 136 гектарға кеңейтіледі

Жаңа индустриялық аймақтарда 314 инвестициялық жобаны іске асыру және 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Қазіргі уақытта Сауда-логистикалық орталығын 136 гектарға кеңейту мақсатында инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты биылғы жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin