Түркістан облысы: Ордабасы ауданы инвесторлар үшін тартымды

Ауданда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау — басты назарда. Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов тиісті сала қызметкерлерімен жаңа инвестициялық жобалардың іске асуы жолындағы өзекті мәселелерді талқылады.

2025–2026 жылдары іске асуы жоспарланған жобалар бар. Атап айтқанда:

«Tendence» ЖШС — 25 миллион АҚШ долларын құрайтын жеңіл тікұшақ құрастыру зауыты;

«QazGarden» ӘКК — 400 миллион теңге көлеміндегі жеміс-жидектерді өңдеу жобасы;

«Южтехкострой» ЖШС — 6,4 миллиард теңгені құрайтын микрокристалды тас пен сәндік көбік өндіру;

ЖК «Тулеуова» — 55 миллион теңге көлеміндегі қымыз, шұбат, компот өндіретін цех.

Бұл жобалар іске асқанда ауданның кіріс көлемін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You