
Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданының делегациясының қатысуымен екіжақты ресми кездесу және өндірістік нысандарға танысу сапары өтті. Іс-сапардың негізгі мақсаты өзара ынтымақтастықты арттыру, өндіріс саласындағы тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыттарын пысықтау, сондай-ақ екі өңір арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеру болды. Бұл іс-шара Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда.
Сапар бағдарламасына сәйкес, саурандық делегация мүшелері Сауан қаласындағы бірқатар ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын аралап көрді. Алдымен делегация «Шыңжан Хұң Хы» зерделі ауыл шаруашылық машина жасау шекті серіктестігінде болып, ауыл шаруашылығына арналған заманауи техникаларды құрастыру және автоматтандыру үдерісімен танысты. Мұнан соң «Шыңжан Шин Жиа Хы» ауыл шаруашылығын дамыту шекті серіктестігіне барып, агротехникалық инновациялар мен өнім өндірудің тиімді тәсілдері туралы ақпарат алды.
Келесі кезекте «Шыңжан Тиян Му Ху» кілем жасау шекті серіктестігінде болып, кілем өндірісінің технологиялық желісін, ұлттық нақыштағы өнімдерді өңдеу мен экспортқа шығару әдістерін көрді. Ал «Шыңжан Шиң Тай Чиан Уи» ғылым-техника шекті серіктестігінде заманауи ғылыми жетістіктер мен жоғары технологиялық жобалар таныстырылды. Делегацияның назарына ғылыми инновацияларды ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласында қолдану тәжірибесі ұсынылды.
Сауан Тай Хун май өнімдері шекті серіктестігінде болып, май өнімдерін өндіру, сапаны бақылау және экспорттық бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. «Сауан Гай Руй» сүт мәнерлеу серіктестігінде жалғасты. Мұнда сүт өнімдерін өңдеу, қаптау және сақтау технологиялары көрсетілді.
Делегация Сауан Шың Зы мал шаруашылық ғылымдары шекті серіктестігінде болып, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту, асыл тұқымды мал өсіру және генетикалық зерттеу бағыттарымен танысты. Сондай-ақ «Анжихай» қызыл бұрыш қоймалжыңы зауытында өңдеу технологиясын, экспортқа бағытталған дайын өнім өндірісін және жергілікті шикізатты тиімді пайдалану тәжірибесін көрді. Дачуан ауылындағы Шау Фаң Жуанзы қыстағы «Шуаң Чуан» ауыл шаруашылығы кооперативі болды. Мұнда делегация ауылдық кооперативтердің жұмыс тәсілін, аграрлық өнімдерді бірігіп өндіру және өткізу үлгісін зерттеді.
Сапар барысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров екіжақты әріптестіктің аймақ дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті:
«Бұл іс-сапар — тәжірибе алмасудың және ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерудің нақты қадамы. Сауан қаласының өндіріс, ауыл шаруашылығы және инновациялық даму салаларындағы жетістіктері біздің аудан үшін пайдалы үлгі болмақ. Біз екі өңір арасындағы байланыстарды нығайта отырып, жаңа инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыруға мүдделіміз», — деді аудан әкімі. Нәтижесінде Сауран ауданы мен Сауан қаласы арасындағы экономикалық, мәдени және инвестициялық серіктестікке жаңа серпін беретін келісімдерге қол жеткізу көзделуде.
Сауран ауданы мен Сауан қалаларының кәсіпкерлері ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады
Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданынан келген делегация қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Шараның басты мақсаты — өндіріс, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы серіктестікті кеңейту, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу бағыттарын нақтылау болды. Сапар барысында саурандық өкілдер Сауан қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді.
Тараптар өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ауыл шаруашылығы машина жасау, агротехникалық инновациялар мен өнім өндіру, кілем өндірісінің технологиялық желісін жетілдіру және ұлттық нақыштағы бұйымдарды экспортқа шығару, май мен сүт өнімдерін өңдеу, қаптау және сақтау, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту, асыл тұқымды мал өсіру және генетикалық зерттеу, сондай-ақ аграрлық өнімдерді бірігіп өндіру бағыттарында дамыту жөнінде пікір алмасты.
Бұл салалардағы серіктестік екі өңір экономикасының өзара тиімді дамуына, өндірістік тәжірибе мен технология алмасуға және жаңа инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Сауран мен Сауан бауырлас қала атанды
Қытай Халық Республикасының Сауан қаласы мен Түркістан облысының Сауран ауданы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Сауран ауданының әкімі ретінде Мақсат Таңғатаров және Сауан қаласының әкімі Ербол Төлегенұлы қол қойып, екі өңір арасындағы достық пен бауырластық қатынастардың жаңа кезеңін бастады.
Қорыта айтқанда, сапар барысында тараптар Сауан қаласының даму тәжірибесін, инновациялық өндіріс саласындағы жетістіктерін, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, өндіріс, туризм және инвестициялық серіктестік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
