
Түркістанда өткен «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық форумында жалпы құны 432,2 миллиард теңгені құрайтын 7 меморандум бекітілді.
Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды және инвесторлармен әріптестікті күшейтуге ерекше назар аударды.
Маңызды келісімдердің бірі — Сауран ауданында жүзеге асатын 16 миллиард теңгелік жоба. Бүгін бұл бағытта «Xiang Hopi i Ma Aerial Machinery» компаниясының өкілі Хан Бо мырзамен екіжақты меморандумға ресми түрде қол қойылды.
Компания интеллектуалды технологияларды қолдана отырып ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндіруге маманданған. Негізгі қызметі – топырақ өңдеу, егін жинау және агропроцестерді автоматтандыруға арналған заманауи машиналар жасау. Өнімдері ішкі нарыққа да, көрші елдерге де экспортталады.
Бұл жоба Сауран ауданында жаңа өндіріс орнын ашуға, заманауи агротехниканы енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады.
Сауран ауданы инвесторлармен серіктестікті нығайтып, ауыл шаруашылығы саласын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға дайын.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
