
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын. Жалпы, облыста экономикаға инвестиция тартуда қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан.
Бұл сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі екені анық. Әрбір инвестор үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,6 триллион теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңдай жұмыс орындары ашылып, бюджетке қосымша 100 миллиард теңге салық түседі. Биыл 340 миллиард теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды. Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өңір экономикасына 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2%-ды құрады.
Өңір экономикасына инвестиция тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде бекітілген көрсеткіштердің орындалуы арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ облыс көлемінде форумдар мен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы сырттан келген инвесторлармен бауырластық және ынтымақтастықты дамыту арқылы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы арқасында инвестиция тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі.
Түркістан облысына биылға негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1427,1 миллиард теңге көлемінде бекітілсе, 10 айының (қаңтар – қазан айлары) қорытындысына сәйкес 1178,4 миллиард теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды. Бекітілген жылдық жоспар орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар облысқа 2025 жылға тікелей шетелдік инвестиция көлемі 475 миллион АҚШ доллары көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысына сәйкес 543,5 миллион АҚШ долларын құрады. Жылдық жоспар артығымен орындалды. Одан бөлек, 2025 жылдың қорытындысына сәйкес құны 340,0 миллиард теңге құрайтын 8270 жаңа жұмыс орнын ашумен 58 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге құны 180,5 миллиард теңге құрайтын, 5322 жаңа жұмыс орнымен 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
