Түркістан облысында 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,6 триллион теңгеге 25 316 жұмыс орнын құру арқылы 120 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысына сәйкес, биыл облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 427,1 миллиард теңге көлемінде бекітілсе, 2025 жылдың 10 айының (қаңтар – тамыз айлары) қорытындысына сәйкес 1 триллион 178,0 миллиард теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды.

Сонымен қатар облысқа тікелей шетелдік инвестиция индикаторы бойынша 2025 жылға 475 миллион АҚШ доллары көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысына сәйкес 543,5 миллион АҚШ долларын құрады.

Облыста 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,6 триллион теңгеге 25 316 жұмыс орнын құру арқылы 120 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған.

Салалар бойынша:

  1. Өнеркәсіп – 73 жоба,
  2. Агроөнеркәсіп – 21 жоба,
  3. Энергетика – 7 жоба,
  4. Туризм – 5 жоба,
  5. Басқа – 14 жоба.

Оның ішінде, 2025 жылы жалпы құны 338,2 миллиард теңгеге 8 220 жұмыс орнын құрумен 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жалпы құны 180,5 миллиард теңгеге 5 322 жұмыс орнын құрумен 41 инвестициялық жоба іске қосылды. Оның ішінде ірілерін атап айтсақ.

  1. «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» бірлескен кәсіпорны» ЖШС (Арыс қаласы), 32 мың гектар алқапта мақта өсіру (инвестиция құны — 48,3 миллиард теңге);
  2. «Қазақстандық-Француздық «Катко» БК» ЖШС (Созақ ауданы), Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны — 33,5 миллиард теңге);
  3. «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (Ордабасы ауданы), Алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны — 8,0 миллиард теңге);

Жыл соңына дейін қалған 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Оның ішіндегі ірі жобалар:

  1. «Буденовское» ӨК» ЖШС (Созақ ауданы), Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны — 69,7 миллиард теңге);
  2. «Ecoculture-Eurasia» ЖШС (Келес ауданы), 51 гектар жылыжай кешенінің құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны — 42,0 миллиард теңге);
  3. «Казкрахмал» ЖШС (Шардара ауданы), Жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны — 14,0 миллиард теңге);

Осымен қоса облыста жалпы құны 2,1 триллион теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You