![]()
Кентау қаласында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы әрі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімін ұлықтайтын жаңа көркем туынды пайда болды. Сәкен Сейфуллин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қаламгердің бейнесі бейнеленген мурал салынды.
Көркем туынды қала кеңістігіне өзіндік көрік беріп қана қоймай, тарихи тұлғаның өмірі мен шығармашылық мұрасын көпшілікке кеңінен танытуға мүмкіндік беріп отыр. Қоғамдық кеңістікте орын алған бұл мәдени нысан өскелең ұрпақтың қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттың көрнекті өкілдеріне деген қызығушылығын арттыруға да ықпал етеді.
Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер. Оның шығармаларында елдік сана, ұлттық рух, туған жер мен қоғам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Ақынның әдеби мұрасы қазақ мәдениетінің тарихымен сабақтасып жатыр.
Кентау төрінде тұлға бейнесінің көрініс табуы – тарихи-мәдени мұраны заманауи көркемдік тәсілдер арқылы дәріптеудің бір үлгісі. Мұндай шығармашылық бастамалар қала тұрғындары мен жастарға ұлттық әдебиет қайраткерлерінің еңбегін танытып, мәдени құндылықтарды қоғамдық кеңістікте насихаттауға жол ашады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
