![]()
Кентау қаласындағы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған мерекелік апталық басталды. Танымдық әрі мәдени шаралар арқылы оқушыларға ана тілін құрметтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу және өзге мәдениеттерге сыйластықпен қарау құндылықтары насихатталуда.
Апталықтың ашылу салтанатында Қазақстан халқының тілдік және мәдени әралуандығының ел бірлігін нығайтудағы маңызына назар аударылды. Ана тілі ұлттық болмыстың өзегі болса, мемлекеттік тіл елдіктің тұғыры ретінде дәріптеліп, өзге тілдер халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтатын құрал ретінде таныстырылды.
Мерекелік шаралар барысында оқушылар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, түрлі тілдерде өнер көрсетті. Ән айтып, шығармашылық қабілеттерін танытқан жас буын көптілділік пен мәдени әртүрлілікке деген құрметін көрсетті.
Мұндай мәдени шаралар жас ұрпақтың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, түрлі мәдениеттерді тануына, өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыруына мүмкіндік береді.
“Кентаудағы білім беру ұйымдарында тілдер күніне арналған апталық аясындағы мәдени және шығармашылық іс-шаралар алдағы күндері де жалғасады”, — дейді жауаптылар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
