Түркістан қаласы әкімдігі «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Гүлжамал Даханованың төрағалығымен кәсіпкерлер үшін іске асқан «Payda» сервисі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жоба авторы Ердос Әлібектің айтуынша, Payda — жеңілдетілген салық режиміндегі жеке кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба. Жоба арқылы кәсіпкер 20-дан астам бухгалтерлік, кадрлық және салық салу қызметі түрлеріне жүгіне алады. Яғни, кәсіпкердің жеке бухгалтері ретінде жұмыс жасайды.
Атап айтқанда, бухгалтерияны жүргізу, қаржылық кеңестер алу, салық декларациясын тапсыру (есептеу және тапсыру; 910 формасы) сынды қызметтер. Сонымен қатар, зейнетақылық, әлеуметтік, медициналық және жеке табыс салықтарын төлеу арқылы есептерді уақытылы және дұрыс тапсыру кепілдігін қамтамасыз етеді.
Қазақстандық авторлардың жасаған бұл сервисі Түркістан облысы бойынша алғаш болып облыс орталығында жүзеге асырылмақ. «Payda» бухгалтерлік компаниясы қызметкерлері осы уақытқа дейін 500-ге жуық қала кәсіпкерлеріне сауалнама жасаған. Сауалнамаға қатысушылардың 91 пайызы бухгалтердік қызметтің қажеттілігін айтқан. Осыған орай алдағы уақытта компания қалада өз офисін ашпақ.
«Payda» сервисі жөнінде басқа да сауалдарыңыз болса төмендегі байланыс құралдарына жүгіне аласыздар:
Instagram : @payda.me
Ресми сайт: www.payda.me
WhatsApp: 8701 321 88 08
payda.info@gmail.com
«ANYQ.KZ» — ақпарат