![]()
Отырар өңірінде биыл бақша дақылдарын өсіру көлемі артып, жалпы 5680 гектар алқапқа қауын-қарбыз егілді. Оның 3544 гектары — қауын, ал 2136 гектары — қарбыз өнімдері.
Диқандардың еңбегімен өсірілген тәтті қауын-қарбыздар еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа экспортталып жатыр. Күзгі жиын-терім науқанын үйлесімді әрі уақытылы жүргізу үшін ауданда қажетті жалпы 512 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлары тартылған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
