Түркістан облысы экономикалық өсім жағынан республикада 1-орынға тұрақтады

Жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.

Өңір экономикасының өсімі, негізінен, тау-кен, өңдеу, уран өндірістері, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу есебінен орын алды. 5 ай көлемінде Түркістан облысындағы өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 миллиард теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Бекітілген жоспар 105,5%-ға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесінде – 280,4 миллиард теңге болса, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі 259,6 миллиард теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 миллиард теңгені құрап, өсім 6,3%-ға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 миллиард теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5%-ға орындалды.

Сауда көлемі 269,7 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды.

Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артқан.

Байланыс қызметінің көлемі 4,9 миллиард теңгені құрап, 15,2%-ға артты.

Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.

Түркістан облысының жерглікті бюджетіне 114,3 миллиард теңге түсім түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуы және облыс бюджетінің атқарылуы бойынша жиын өтті.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды.

— Облыс бюджетінің 2 тоқсан қорытындысымен сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан, қала әкімдері және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің заң талаптарына сәйкес бюджет кірістерінің әрбір көзінің сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мерзімінде және сапалы игеру керек. Субъективті себептермен бюджет қаражатының игерілмей қалуына жол бермеу бойынша шаралар заң аясында қабылдау қажет, — деді Талғат Қозбеков.

Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 5 айында облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрап, республикада 1 орынға шықты. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 5 айдың қорытындысына орай Үкіметпен жеткізілген межеге толық қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 миллиард теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Жоспар 105,5%-ға орындалды. Өсім өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен орын алды.

Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев облыс бойынша осы жылдың 5 айында жергілікті бюджетке 114,3 миллиардтеңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалғанын айтты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 16%-ға арқан.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы аймақ басшысының тұрақты бақылауында тұр. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар өз жалғасын таппақ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You