
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысына сәйкес, биыл облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 427,1 миллиард теңге көлемінде бекітілсе, 2025 жылдың 10 айының (қаңтар – тамыз айлары) қорытындысына сәйкес 1 триллион 178,0 миллиард теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды.
Сонымен қатар облысқа тікелей шетелдік инвестиция индикаторы бойынша 2025 жылға 475 миллион АҚШ доллары көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысына сәйкес 543,5 миллион АҚШ долларын құрады.
Облыста 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,6 триллион теңгеге 25 316 жұмыс орнын құру арқылы 120 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған.
Салалар бойынша:
- Өнеркәсіп – 73 жоба,
- Агроөнеркәсіп – 21 жоба,
- Энергетика – 7 жоба,
- Туризм – 5 жоба,
- Басқа – 14 жоба.
Оның ішінде, 2025 жылы жалпы құны 338,2 миллиард теңгеге 8 220 жұмыс орнын құрумен 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жалпы құны 180,5 миллиард теңгеге 5 322 жұмыс орнын құрумен 41 инвестициялық жоба іске қосылды. Оның ішінде ірілерін атап айтсақ.
- «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» бірлескен кәсіпорны» ЖШС (Арыс қаласы), 32 мың гектар алқапта мақта өсіру (инвестиция құны — 48,3 миллиард теңге);
- «Қазақстандық-Француздық «Катко» БК» ЖШС (Созақ ауданы), Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны — 33,5 миллиард теңге);
- «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (Ордабасы ауданы), Алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны — 8,0 миллиард теңге);
Жыл соңына дейін қалған 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Оның ішіндегі ірі жобалар:
- «Буденовское» ӨК» ЖШС (Созақ ауданы), Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны — 69,7 миллиард теңге);
- «Ecoculture-Eurasia» ЖШС (Келес ауданы), 51 гектар жылыжай кешенінің құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны — 42,0 миллиард теңге);
- «Казкрахмал» ЖШС (Шардара ауданы), Жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны — 14,0 миллиард теңге);
Осымен қоса облыста жалпы құны 2,1 триллион теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
