Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 215 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді

Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласында 215 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді, саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін 3-орында тұр. Кәсіпкерлердің саны жыл басынан 6 674 бірлікке артып, бүгінгі таңға 215 406 бірлікті құрап отыр. Олардың ішінде 97 субъект орта бизнес санатында жұмыс істесе, қалғандары шағын бизнес субъектілері болып табылады. Жалпы саны – 215 406 бірлік. Заңды тұлға – 14 606; жеке кәсіпкерлер – 121 953; шаруалар – 78 847.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі сенімді өсім көрсетуде. Шағын және орта бизнес тарапынан өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 446,8 миллиард теңгеге артып, 1 363,0 миллиард теңгені құрады (2025 жылдың II тоқсанына). Жыл соңына дейін өнім көлемін 2,8 триллион теңгеге жеткізу жоспарда тұр.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша негізгі 4 бағыт арқылы жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бизнес жобаларды жүзеге асыру;
  2. Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау;
  3. Индустриялды аймақтарды дамыту;
  4. Өндірістік парктерді дамыту.
  5. 5 миллионнан 500 миллион теңгеге дейінге шағын және орта жобаларға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басында сүйемелдеуге алынған 343 жобаның қазіргі таңда 234-і іске қосылды. Олардың жалпы құны 39,8 миллиард болатын 2 310 жұмыс орны ашылды. Қалған жобалардың жыл соңына дейін толық іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

  1. Шағын және орта бизнесті қолдаудағы маңызды құрал – қаржылай қолдау шаралары.

Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында биыл 181 жобаға жалпы 22,8 миллиард теңге қаржы берілді. Түркістан облысы кәсіпкерлерді осы бағдарламаға қатыстыру көрсеткіші бойынша облыстар арасында үздік бестіктің қатарына кірді.

Бірыңғай кешенді бағдарламадан бөлек, осы жылдың шілде айында кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 миллиард теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Яғни, бюджеттен пайыздық ставканы субсидиялауға қаржыны қажет етпейді.

  1. Шағын және орта бизнесті дамыту жолында – индустриялды аймақтар маңызды қолдау. Облыс көлемінде 20 индустриялды аймақ құрылған.
  2. Өндірісті дамыту жолында шағын өндірістік парктер үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда Сауран ауданында жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен ауыл округтерде 148 өндірістік ғимаратты құруда.

Сауран ауданы әкімдігі қажетті жер телімдерін үйлестіріп, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Облыс басшысы тарапынан Сауран ауданы тәжірбиесін пайдалана отырып, барлық аудан және қала аумағында кемінде 5 өндірістік ғимаратты құру тапсырылды.

Өндірістік парктерді іске асырудың алгоритмі мен эскиздік жобалары, жер телімдерін қарастыру мәселелері бойынша әкімдіктерге толық ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда барлық аудан, қала әкімдіктерінде 5 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You