
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында Түркістан өңірі қарқынды дамып келеді.
Түркістан облысының биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес облыс экономикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құрады (ҚР – 107,3%).
Өңдеу өнеркәсібімен 593,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілді (жоспар – 107,9%).
Тау-кен өнімі 574,6 миллиард теңге немесе өсім 115,1%-ға жетті. Жоспар (115%) толық орындалды.
Ауыл шаруашылығында 1 086,9 миллиард теңге өнім өндіріліп, өсім қарқыны 101,7% деңгейінде орын алды (жоспар – 104,4%):
— Мал шаруашылығы – 353,5 миллиард теңге 106,8%;
— Өсімдік шаруашылығы – 728,0 миллиард теңге 99,3%.
Облыс экономикасына 1 178,4 миллиард теңге инвестиция бағытталып, өсім 124,2%-ды құрады.
Жалпы сауда көлемі 688,4 миллиард теңгеге жетіп, өсім қарқыны 148,3%-ды құрады (жоспар – 122,8%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 450,6 миллиард теңге немесе өсім 128,6% деңгейінде қалыптасты (жоспар – 103,0%). Есепті кезеңде 931,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылып, өсім 110,2%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметінің жалпы көлемі 445,2 миллиард теңгеге жетіп, 124,8%-ға артты (жоспар – 109,9%). Байланыс қызметінің көлемі 9,8 миллиард теңгені, өсім 111,3%-ға жетті (жоспар – 109,3 %).
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
