Түркістан облысы: Сауран ауданында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Бұл тұста мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілген болатын.

Осы жоспарға сәйкес, Сауран ауданы әкімі аппаратының «Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ляззат Халмуратова Шаға ауылдық округі аппаратында тұрғындарға қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ғимаратқа кіріп-шығу қолайлылығын зерделеп, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған тактильді жолақтар, арнайы шақырту батырмасы мен пандус орнатылғаны, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin