Түркістан облысы: Сауран ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау өтті

Сауран ауданы әкімі аппаратының ғимаратында аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша «Қоғамдық қабылдау» шарасы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік органдардың көрсету мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру, заң шеңберінде тиісті уәкілетті органдар арқылы мәселелерді шешу және жүгінген азаматтарға құқықтық көмек ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.

Шарада Сауран ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Нұрмахан Молдабаев, аталған бөлімнің сектор меңгерушісі Бектөре Ешжан мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айжан Канетова тұрғындарды қабылдады. Сонымен қатар, осы бөлімнің бас мамандары Диас Мыңбай мен Қахраман Мирзараймов, құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас мамандары Гулмира Камалова мен Нұртас Патсаев өз салалары бойынша халықтың сұрақтарына жауап беріп, кеңестерін берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin